Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Әміржан Қосанов, саясаткер: Путиннің арбасы мен өгізінің астында қалып қоймалық!
Жаңалықтар

Әміржан Қосанов, саясаткер: Путиннің арбасы мен өгізінің астында қалып қоймалық!

13/02/20151
Әміржан Қосанов
Әміржан Қосанов

Минскіде Украинадағы жағдайға қатысты кешті таңға асырған «норманд форматындағы» отырыс аяқталды. Қиын да қатпарлы келіссөздердің алғашқы нәтижелері жариялана бастады.
Сөз жоқ, «жақсы соғыстан гөрі жаман бейбітшілік артық». Бірақ, меніңше, гуманизм принциптеріне негізделген бұл принциптің кей кезде «ойнамай» қалатын кездері де болады!
Неге десеңіз, Порошенко болсын (ертең тағы бір Майдан болып, билікке келетін басқа бір басшы болсын), тәуелсіз мемлекет президенті ретінде ешқашан да Қырым, Донецк, Луганскіден айрылмайды. Ол — унитарлық мемлекет үшін бұлжытпас аксиома! Олай етпесе, ол сол күні тақтан түседі! Және де сондай ел ретінде Қазақстан соны жете түсінуі керек! Бетін аулақ қылсын, бірақ бізде де ДХР мен ЛХР факторы жоқ деп ешкім кесіп-пішіп айта алмайды!
Путин болса, Қырымнан бас тартса, ішкіресейлік рейтингі күрт төмендейтінін біледі (әсіре еуразияшыл ағайынның құлағына алтын сырға). Донецк пен Луганск болса, оған «и хочется и колется». «Орыс әлемін» қайта қалпына келтірушісі боп ресей тарихында қалғысы келетін патша ретінде оның алдын да өте-мөте қиын таңдай тұр.
Ары тартса, арба сынады, яғни басқыншылық саясатынан бас тартса, ел ішіндегі қолдауы азайып, келесі сайлауда өтпей қалуы да мүмкін. Жалпы осы фактордың өзі біздің Ресейдегі неоимперализм идеясын қолдаушыларының ықпалы қаншалықты мықты екенін жақсылап бір ойланып, өз түйінімізді түюге мәжбүрлейтін бір жайт!
Бір тартса, өгіз өледі, яғни Батыс банктерімен тонның ішкі бауындай араласқан өз елінің қаржы мен банк жүйесі санкциялардың құрбаны болуы әдбен ықтимал. 
Сондықтан бұл жанжал ұзаққа созылады.
Яғни, халықаралық заңнаманы өрескел бұзып жатқан Ресейге өз талаптарын орындата алмаған Батыстың санкциялары күшейе әрі ұлғая түседі. Оның өзі ақарында Кремльдің арбасын да сындырады, өгізін де өлтіреді.
Ал ол санкциялардың салқыны бізге де өз әсерін тигізеді. Ол туралы президенттің өзі де кешегі үкімет отырысында ашық айтты.
«Көршің соқыр болса» деп біз де бір көзімізді қыса бастаған сыңайлымыз.
Бара-бара, мектептегі балдырғандардың тоқашы емес, басқа нәрсе арман боп кетуі мүмкін!
Оған біздің билік дайын ба???

saigez.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleАссамблея әдемі ақпар беретін орган ба?
Next Article ЖОШЫ ХАН НЕДЕН ӨЛДІ ЖӘНЕ ҚАЙДА ЖЕРЛЕНГЕН?

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201463

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.