Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Қоғам»Ассамблея әдемі ақпар беретін орган ба?
Қоғам

Ассамблея әдемі ақпар беретін орган ба?

13/02/20150
Фото: vechastana.kz

  

 

Фото: vechastana.kz

Бізде 130-дан астам ұлт бар дейміз, көп ұлтты мемлекетпіз деп лепіреміз. Бірақ, бір ғана кіндік ұлт бар екенін, қалғаны диаспора болып табылатынын, мемлекет бір ұлтты екенін, тек Қазақстан қоғамы ғана көп ұлтты екенін елей бермейміз. Тіпті, диаспораларға екпін қоя отырып, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» деген атынан ат үркетін орган да жасап қойдық. Әу баста қоғамдық ұйым етіп құрылған Ассамблеяны қызды-қыздымен Парламенттің төрінен бір-ақ шығардық. Ол аздай, заңға қайшы болса да, Ассамблея мүшелеріне сайлау науқанында екі дауысқа ие болатындай құзыретті тағы бердік.

Нанбасаңыз, қараңыз, Парламент мәжілісінде 107 депутат бар, оның  98 депутатын сайлау барысында Ассамблея мүшелері Қазақстанның азаматы ретінде бір рет дауыс береді, кейін Ассамблеяның атынан 9 депутатты сайлау кезінде Ассамблея мүшесі ретінде  тағы бір рет дауыс береді. Сонда Ассамблея мүшелері жалғыз ғана органнның өкілдерін сайлау үшін бақандай екі дауысқа ие болады, ал Сіз бен Біз сияқты пақырлар бір ғана дауысты қанағат тұтамыз. Бір органды сайлау барысында сайлаушының екі не одан да көп дауысқа ие болуы барлық халықаралық  стандарт  бойынша да, дүниежүзілік сайлау технологиясы бойынша да әділеттілік принципі мен сайлау қағидаларына қайшы.

Осыны істегендер халықаралық стандарт бойынша бір халыққа, не топқа белгілі бір артықшылықтар беру де оны кемсітушілік болып бағаланатынын біле ме екен?!

Онымен қоймай заңның жілігін шаққан құқықтанушылар бұл органнан сайлатын депутаттардың не тікелей сайлауға жатқызылатынын, не болмаса жанама сайлауға жатқызылатынын айыра алмай дал.

Ал осыншама аспандатып отырған Ассамблеямыз өзінің құқықтық және моральдық тұрғыдан жүктелген міндетін толық орындап отыр ма? Кешегі күні Сарыағашта ұлтаралық қақтығыс болған күні Ассамблеяның 20 жылдығы болып жатты. Той деген жақсы. Ал сол күннің ертеңіне Ассамблея мүшелері Сарыағашқа барып мән-жайды сұрады ма? Шиеленіскен түйін болса, шешуге тырысты ма? Әлде тойды жалғастыра берді ме? Басқасы тойлай берсін делік, ал Ассамблеядан ұлттар татулығына аманат ретінде үкілеп қосқан 9 депутаттың бірі келді ме? Олардың осындай мәселеге тікелей араласуы, еркі ғана емес, депутаттық парызы емес пе еді…

Шатастырмайық, Ынтымақ ауылындағы  Б.Артықовтың отбасына барып кешірім сұраған тәжіктің ақсақалдары Ассамблея емес. Сарыағаш қиырда болса да, аталған заңның 1-бабы «Ассамблея өз қызметін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүзеге асырады» деп бекіткен.

Болмаса, Шелекте орын алған қазақ-ұйғыр қақтығысында яки Маловодныйдағы қазақ-шешен шиеленінде аталған Ассамблеядан біреу келіп басу айтты дегенді, не ел алдына шығып сөйледі дегенді естідіңіз бе? Өз басым естіген жоқпын.

Есесіне, ел аузынан естіген әңгімемізді болары болып, бояуы сіңген соң «Шелекте осындай болыпты» деп бір ай өткен соң ғана теледидар бетінен көрмеп пе едік…

«Ассамблеяның негізгі міндеттері:

1) этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

2) халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту»

Әлде бұл тек теледидардан «Сіздің кемел саясатыңыздың арқасында тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз» деп, әдемі ақпарат беретін ғана орган ба? Өзінің мойнына заңмен жүктелген міндетті орындайматын орган бізге не үшін қажет?

Толық, шынайы ақпарат ала алмай отырғандықтан, менің қателесуім де ғажап емес, бірақ түймедей ғана тәуір нәрсені түйедей қылып көрсететін біздің PR-шиктердің назарына бұл қалай ғана ілінбей қалады? Әй, қайдам?!!

                                                                                                                                                                                                    Алмас Жұмағали

                                                                                                                                                                                                   заң ғылымдарының кандидаты

skifnews.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleБалтабек Қанғожин: Ғылым саласына реформа керек
Next Article Әміржан Қосанов, саясаткер: Путиннің арбасы мен өгізінің астында қалып қоймалық!

Оқи отырыңыз...

Бұрын жұмысқа алу үшін орысша білуді талап етсе, қалыпты нәрсе еді, қазір “неге олай?” деген сұрақ көбейген

03/10/20261

Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

23/08/20262

Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясы

17/08/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.