Алматы-Қорғас-Үрімші-Шіңгіл(Алтай аймағы ҚХР )-Алматы.(27.01.15 — 02.02.2015 ж. 7 күндік іссапар )
Қазақстаннан арнайы шақырылған мамандар:
1.«ФОТОӨНЕР» ҚБ-нің төрағасы, «Жас Алаш» газетінің фототілшісі Асылхан Әбдірайымұлы. 2.«Жалайыр Шора» құсбегілер мектебінің директоры,«Қыран» федерациясының атқарушы директоры Бағдат Мүптекеқызы.
3.«Алматы ақшамы» газетінің фототілшісі Сәрсенбек Қызайбекұлы.
Сапарымыздың алғашқы күні Алтай аймағы Шіңгіл аудандық үкіметтік үйінде, «Халықаралық саятшылық өнерін зерттеу ғылыми талқы жиынына» қатыстық. Қазақстанның атынан «Қыран» федерациясының атқарушы директоры Бағдат Мүптекеқызы баяндама жасады.(Қытай,Қазақстан,Моңғолия елдерінен қатысты ).Сонымен қатар «ФОТОӨНЕР» ҚБ-нің төрағасы «Жас Алаш» газетінің фототілшісі Асылхан Әбдірайымұлы белгілі фотосуретші Қапез Шағыбанұлының «Атамекен» атты фотокөрмесінің лентасын қиды және жергілікті БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Келесі күні Алтай аймақтық фотосуретшілер коғамының мүшелерімен,Қытай БАҚ-ың фототілшілерімен тәуелсіз фотографтарымен кездесу өтті.Онда Қазақстандық «ФОТОӨНЕР» ҚБ-нің атқарылған ісшаралары таныстырылды,шеберлік сабағы өтті . Ал негізгі шара «Халықаралық Қытай-Шіңгіл Салбурынсалтанатын» тамашалауға жергілікті және шетелдерден арнайы келген көрермендер саны 30 мыңға жуық болды. Салтанатты ашылуда сап түзеп шеруден: 1. Мемлекет туы.2. Мереке таңбалары(Бүркіт,Төбет ).3.Ауыл ақсақалдары тобы. 4.Төрешілер тобы.5.Балапан тобы.6.Тірнек тобы.7.Тастүлек тобы.8.Құмтілек тобы.9.Мұзбалақ тобы.10.Көктұбыт тобы.11.Қана тобы.12.Ана тобы.13.Соңынан көкпар тобы өтті.
Қазақстан мен Моңғолиядан келген қонақтар құттықтау сөз сөйлеп,аудан басшысы мерекенің ашылғандығын жариялап, шашу шашылды.Аудандық көркемөнер үйірмесі атынан шағын концерттік бағдарлама қойылды.Сонымен қатар қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі,киіз үй мен ұлттық тағамдарды бағалау жарыстары қатар жүрді. Ал көрермендердің негізгі бөлімдері, келесі жарыстарға бет бұрды.
1.«Дала көкпары»- мұнда көкпаршылар тобпен емес жеке дара тартысты.Жалпы саны 50 көкпаршы.
2.«Саятшылық»- мұнда бүркіттер қоянға,қарсаққа,түлкіге және қасқырға түсірілді. Жалпы саны 70 бүркіттен сынақтан өткен 30 бүркіт финалға қатысты одан сүрінбей өткен 10 бүркіт қасқырға салынды,тек 2 бүркіт қасқырға түсті.
3.«Қазақ төбеті»- мұнда қазақ итін бағалау, көрмесі өтті.Жалпы саны 40 төбет.
Жеңімпаздарды марпаттау рәсімінен соң кешкісін, аудандық халық клубында «Жасыл шың» драмасы қойылды.
























