Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ
Қазақстанда 2015 жылы мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу ұсынысы талқыланып жатыр.
Елде 1991 жылдан бері бес рет президент сайланды. 1991 және 2005 жылғы сайлаулар — өз мерзімінде, 1999 және 2011 жылғы сайлаулар — мерзімінен бұрын, ал 1995 жылғы науқан референдум ретінде өтті. Ол сайлаулардың бәрінде ресми мәлімет бойынша «сайлаушылардың басым бөлігінің дауысын алған» Нұрсұлтан Назарбаев жеңіп шықты.
Азаттықтың президенттік сайлауда кандидат атанған азаматтар туралы фотогалереясына орталық сайлау комиссиясы бекіткен үміткерлер ғана кіріп отыр.
1995 жылғы референдум бойынша Назарбаевтың өкілеті 2000 жылға дейін ұзарған. Орталық сайлау комиссиясының қорытындысы бойынша, Назарбаев 1999 жылғы мерзімінен бұрын өткен президенттік сайлауда сайлаушылардың шамамен 80 пайыз дауысын, 2005 жылғы сайлауда – 91 пайыздан астам, 2011 жылғы кезектен тыс сайлауда – 95,5 пайыз дауысын алған.
Қазақстан оппозициясы «елде авторитарлық билік режимін орнатып алған президент Назарбаев әкімшілік ресурстың көмегімен әр сайлау сайын жоғары көрсеткішке қол жеткізеді» дейді. Халықаралық демократиялық ұйымдар Қазақстанда бұған дейінгі президент сайлауларын еркін емес және әділетсіз өткен деп сынаған. Ресми Астана ондай сынмен келіспейді.
Ол ауыл шаруашылығы саласының маманы, 1990 жылдарға дейін әртүрлі лауазымды қызметтер атқарған. 1993 жылы тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш конституциясын қабылдаған бірінші парламенті — Жоғарғы Кеңестің (1991-1993) төрағасы болды. 1994 жылы оппозицияға кетті. Қазіргі кезде жабылып жатқан Қазақстан коммунистік партиясын ұзақ жылдар басқарды. Қазақстан компартиясының 2010 жылғы сәуірдегі пленумында Серікболсын Әбділдин партияның бірінші хатшысы қызметін Ғазиз Алдамжаровқа тапсырды.
Орыс тілі және әдебиеті саласының маманы, жазушы. 1996 жылы сенат депутаты боп сайланған.
Халықаралық қатынастар саласының маманы. Совет Одағы кезінде Қазақ ССР сыртқы істер министрлігінде әртүрлі қызметтер атқарған. 1990-92 жылдары президент кеңесшісі болды. Мәжіліс және сенат депутаты болды. Қазір билікке жақын Қазақстан патриоттар партиясына жетекшілік етеді.
Ғани Қасымов осы аптада елде мерзімінен бұрын президент сайлауы өткен жағдайда оған үміткер ретінде қатыспайтынын айтып, «Қазақстан-2050″ жалпыұлттық демократиялық күштері коалициясы» атынан қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаевты ортақ кандидат ретінде ұсыну жайлы бастама көтерді.
Қазақстанның бас прокуроры, мемлекеттік тергеу комитетінің төрағасы, екінші шақырылымдағы парламент мәжілісінің төрағасы қызметтерін атқарған. Ол 2004 жылы күзде мәжіліс депутаты мандатынан бас тартып, президенттік «Отан» (қазіргі «Нұр Отан») партиясының қатарынан шығып, оппозиция қатарына қосылған. Қазір Қазақстанның жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясына жетекшілік етеді.
Техника саласының маманы. Ол 1998-99 жылдары президент әкімшілігінің жетекшісі, 2000-2001 жылдары еңбек және әлеуметтік қорғау министрі болды. 2001 жылы «Қазақстанның демократиялық таңдау» ұйымына мүше болып кірді. 2002 жылдың наурызынан бастап «Ақ жол» партиясының тең төрағасы, 2005 жылдан бастап төрағасы болды. Президенттік сайлаудан соң билікке оралған Әлихан Бәйменов 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб комитеті төрағасы болып тағайындалды.
Ол 2011 жылғы сайлауда «даусымды Назарбаевқа бердім» деп мәлімдеген. 1989 жылдан бері «Табиғат» экологиялық ұйымының төрағасы.
Ауыл шаруашылығы саласының маманы. 2005-2011 жылдары Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы орталық комитетінің хатшысы, жетекшісі болды. 2012 жылдан бері мәжіліс депутаты.
Медицина мамандығының иесі. 2001-2004 жылдары парламент депутаты болды.
azattyq.org


