Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Руханият»Сұлубайдың әні
Руханият

Сұлубайдың әні

18/02/20155

СҰЛУБАЙ БАТЫР
Сұлубай Сәпиұлы (1907-1944) Абақ Керейдің Тасбике руынан. Алтай қаласының Шірікши аулында туған. Сұлубайдың өз кіндігінен Мағила, Зағила атты екі қыз. Зағила Баркөл ауданында әлі бар. Ағасы Байбол мен інісі Көңбайдың балалары Шонжы мен Шіңгіл аудандарында тұрады.
Ұлт-азаттық қозғалысының зұлымдыққа қарсы атой-шылдарының бірі болған Сұлубай 1944 жылы «Алтай төңкерістік уақытша өкіметі» қүрылғанда он батырдың бірі болып марапатталған.
1944 жылы көкектің басында қазақ қолын бастап, жауға сілейте соққы беріп жүрген қан майданда қапияда оқ тиіп, ерлікпен қаза табады.

Сұлубайдың әні
Атымды Сұлубай деп әкем қойған,
Руым Жәнтекейдей ортаны ойған-ай.

Секпілтай, Шаңқан, Тұрғынды-ай,
Сағындым қалған құрбымды-ай.

Жазықсыз жауым мені қойдың қамап,
Кетпейді бұл қорлығың әсте ойдан-ай.

Шіңгілдің мөлдір суындай,
Деп салған әнім Сұлубай!

Астымда алқоңырым желмедің ғой,
Құдайым сұрағанды бермедің ғой-ай.

Былғары белдік, бұраңбел,
Бұрылар ма екен біздің ел?!

Талпынып қанша қанат қаққанменен,
Қысқа жіп күрмеуіме келмедің ғой-ай.

Қайқая шапқан қарагер,
Қайрылар ма екен қайран ел?

Басында мәуесі жоқ қу қайыңның,
Жігітке пайдасы жоқ уайымның-ай.

Секпілтай, Шаңқан, Тұрғынды-ай,
Сағындым қалған құрбымды-ай.

Сан жердің дәмін таттым, суын іштім,
Білмеймін қайда аларын құдайымның-ай?!

Шіңгілдің мөлдір суындай,
Деп салған әнім Сұлубай.

Қонаққа қой сояды лақ тұрып,
Құдықтан су ішпейді бұлақ тұрып-ай.

Былғары белдік, бұраңбел,
Бұрылар ма екен біздің ел?!

Сұлубай елін қимай, жерін қимай,
Қоштасқан әні осы жылап тұрып-ай.

Қайқая шапкан қарагер,
Қайрылар ма екен қайран ел?!

Асқар Шаймарден

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleСармад
Next Article Президент сайлауы үміткерлері: 1991-2011

Оқи отырыңыз...

Нұралы батыр 1730 –1794

19/11/20263

Детектив жанры қазақ әдебиетіне қалай келді және оның басында кім тұрды?  

06/10/20261

ЖАЗУШЫЛЫҚ ҰЛЫЛЫҒЫНА ҚАРАМАСТАН, ТІРЛІКТЕ ӨТЕ ҚАРАПАЙЫМ ЕДІ

03/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.