Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Шетелдегі қандастар Ақтөбеде бас қосты
Жаңалықтар

Шетелдегі қандастар Ақтөбеде бас қосты

05/09/20131

 Бүгін «Достық» үйінде «Ұлы мұра» халықаралық байқау-фестивалі басталды. Оған алыс-жақын шетелден келген қазақ дисапораларының өкілдері қатысып жатыр, деп хабарлай РИКА ТВ тілшісі.

Фестиваль аясында қолөнер көрмесі мен өнер ұжымдарының концерті өтеді. Туған жерге табаны тиген адамға бүгін «Достық» үйінде өтіп жатқан фестивальдің әр сәті-қызық. Ұлттық аспаптан төгілген күй, ұлттық киімдегі қыз-жігіттер, ана тіліндегі пікір алысулар- бәрі таңсық. Қандас бауырларымыз әрбір сәтті бейнетаспаға түсіріп әлек. Үйге барған соң, сол жақтағы қазақтарға көрсету үшін қажет дейді. Бүгінгі халықаралық өнер байқау-фестиваліне келген көп қазақтың бірі-Ысмайыл Кесижи. Тұманды Альбионда тұрақтағанына 30 жыл болған. Ата-бабасы кезінде Көкшетаудан Түркияға, кейін Англияға қоныстанған. Ысмайыл 12 жылдан бері Ұлыбританиядағы қазақ қоғамын басқарып отыр. Британияда құдайға шүкір бір қауым елміз дейді. Бұрыннан тұрақтап қалған 600 отбасы бар екен. Ағылшын еліне ұзатылған 250 қаракөз, жұмыс бабымен барып, кейін сол жақта мекендеп қалған 100 түтін қазір Лондонды өз үйі санайды. Бірақ, «өзге елде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан болу» керектігін естен шығармақ емес. Балаларының туған тілін ұмытпауына аса маңыз беретін бауырларымыз Ресейдің Астрахань облысы Камызяк ауданында тұрады екен. Бір ғана Астрахань облысында 160 мың қазақ бар. Бұл- тұрғындардың жалпы санының 16 пайызын құрайды. «Жолдастық» қазақ қоғамының төрағасы Өмірзақ Бекмұқановтың айтуынша, Астраханның қазақтары бір-бірімен қыз алысып, қыз берісіп, құдандалы болып отыр. Ал қазақтар жиі шоғырланған аудандарында мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытылады. Бүгінгі байқау-фестивалге алыс-жақын шетелден келген 300-ге жуық адам қатысып жатыр. Көрмеге «Кескіндеме», «Графика», «Сәндік қолданбалы қолөнер» бұйымдары қойылған. Қытайдан келген шебер Жұмақан Нұрмұхаметұлының сүйектен жасалған туындылары мен моңғлиялық қолөнер шебері Сайлау Түркібайқызының жұмыстары көпшіліктің үлкен ықыласына бөленді. «Ұлы мұра» халықаралық өнер фестивалі 2011 жылдан бері өткізіліп келеді. Бастама көтерген- Қазанғап атындағы балалар өнер мектебі мен «Нұр Отан» ХДП АҚФ.

РИКА ТВ

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleПутинді өлтірмек болған
Next Article ТҮРІК РУХАНИ ӘЛЕМІНДЕГІ АЙТУЛЫ ЖАҢАЛЫҚ

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.