Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Қазақ шежіресі»Құмықтар — Дағыстанның байырғы түркі тілдес халқы.
Қазақ шежіресі

Құмықтар — Дағыстанның байырғы түркі тілдес халқы.

02/03/20150

Құмықтар — Дағыстанның байырғы түркі тілдес халқы.

Құмықтардың қазіргі жалпы саны 300 мыңнан астам. Негізгі бөлігі Ресей Федерациясының Дағыстан Республикасында (Хасавюрт, Бабаюрт, Қызылюрт, Буйнақ, Дербент, Қайтағ, Қаякет, Қарабудағкент ауданында), қалғандары Ичкерия, Солтүстік Осетия мен Ставрополь өлкесінде қоныстанған. Өте шағын диаспора ретінде Иран, Сирия,Түркия мемлекеттерінде де өмір сүреді. [1]

Үлкен европеид нәсілінің құрамындағы балқан — кавказ нәсілінің кавкасион тобына жатады. Түркі тілдерінің қыпшақ тобына жататын құмық тілінде сөйлейді. Әдеби тілібуйнақ және хасавюрт диалектілерінің негізінде қалыптасқан. Құмықтардың көпшілігі ислам дінінің сүннит тармағын ұстанады. Құмықтардың халық ретінде қалыптасуы 10-11 ғасырдан басталады. Олардың этнографиялық негізін Дағыстан жазығындағы жергілікті тайпалар мен осында келген түркі тілдес тайпалар (әсіресе қыпшақтар) құрайды. Құмықтар басқа да тау халықтарымен біріге отырып, 13 ғасырда моңғол шапқыншылығына қарсы күресті. Құмыктар мекендеген аумақта бірқатар ортағасырлық мемлекеттер өмір сүрді. Олардың ішіндегі ең ірісі — Тарковск княздігі болды. Құмықтар Ресей отаршыларына қарсы Шәміл бастаған ұлт-азаттық күреске (1847 — 1864) де қатынасты.

Құмықтардың дәстүрлі кәсіптері — егіншілік (бидай, арпа, тары, күріш, жүгері), мал өсіру, бау-бақша, көкөніс, жүзім өсіру, омарташылық. Үй кәсіптері мен қолөнерденшұға, кілем тоқу, тері, ағаш, металл мен тас өңдеу дамыған. Үйлерін шикі кірпіштерден, тастан салған. Ер адамдардың ұлттық киімдері — бешмет, сеңсең жамылғы, сеңсең бөрік, домалақ бөрік, теріден тігілген аяқ киім. Әйелдердің ұлттық киімдерінің қатарына бүкіл денені жабатын көйлектер (арсар, қос жеңді қабалай, т.б.)орамалдар, чутку (бас киім) жатады. Әйелдері арты ашық, теріден тігілген башмақтар киіп, киімдері ою-өрнек, әшекейлермен безендірілетін болған. Құмықтардың сан алуан ұлттық тағамдарына хинкал, курзе (тұшпара), долма, аш (палау), чишлик (кәуап), бозбаш, чуду, гюлеме, этмек, т.б. ет, қамыр, сүт өнімдерінен жасалған тағамдар жатады. Жүзімнен сусын, шарап жасайды. Құмықтар елді мекендерді юрт, кент деп атайды. Құмықтардың салт-дәстүрлері, мәдениет мен тұрмыс-тіршілігі жөнінен өздерінің ең жақын көршілері ноғай, қарашай, балқарларға ұқсас болып келеді. Құмық халқының бай ауыз әдебиеті, саз, би өнері сақталған.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТелібеков президенттікке кандидатурасын ұсынбақ
Next Article Мұстафа Өзтүріктің нағашы атасы Қайысбай балуан

Оқи отырыңыз...

Нұралы батыр 1730 –1794

19/11/20263

Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

23/08/20262

Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясы

17/08/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.