Елбасының кеше әйелдер өкілдерімен өткен кездеуіне айтқан сөзі қоғамның назарын ерекше аударғандай. Нұрекең астарлап айтса да жұртты ойландырып тастады. Расында, өзгерістің болуына ол кісі өзі де мүдделі сияқты ғой. Қалай десек те, елдің тағдыры келесі аптада өтетін «Нұр Отан» партиясы сьезінің қолында. Елбасы сайлауға түсуден өзі бас тартса, сьез мысылға Иманғали Тасмағамбетовті ме, Мұхтар Құл-Мұхамедті ме, жалпы, Назарбаевтың өзі тәрбиелеп қалыптастырған шәкірттерінің бірін ғана алға шығарады. Ондай жағдайда сайлау науқаны қызу өрбиді. Бірақ, өзге саяси күштерден өте танымал лайықты үміткер шыға қоймаса «Нұр Отаннан» ұсынылған үміткер бәрібір басым дауыс алатыны айдан анық. Қалай десек те алдағы сайлаудың тағдыры «Нұр Отанның» қолында. Кімді ұсынады?
Куандык Шамахай facebook парақшасынан алынды
Бұл айтылған сөз өте ақылмен, есеппен айтылған деп ойлаймын.
Расымен өзгерістер жасау жоспары болуы мүмкін, бірақ дәл осы кезді пайдаланып айтуының бірнеше бағытта жан-жақты тиімді екені көрініп тұр.
1-ел алдында халыққа ой салды, өзі жайлы біраз пікірге тойтарыс жауап берді.
2-бұны жария ету арқылы жалпы қоғамның тамырын басып байқады.
3-осылай жасау арқылы өзінің айналасындағылардың шынайы бейнесі ортаға шығуы, құмға басын тығып жатқан страустар басын шығарып, шынайы жүзін көрсетіп қалуы мүмкін. (Мүдделі адамдар тыныштықты бұзғысы келуі мүмкін)
Соңғы кездердегі құзырлы органдар тарапынан халықтың наразылығын тудыратын әрекеттердің жиі қайталана бастауы да осының салдары ма деп ойлаймын (өз басы сайлау алды у шу шығуын қаламас еді)….



