Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Қазақстан Республикасының Президенттігіне өз кандидатураларын ұсынғандар
Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Президенттігіне өз кандидатураларын ұсынғандар

09/03/20150

9 наурызда Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды ұсыну барысы және Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру жөніндегі ҚР ОСК жұмысы туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының брифингі болды. 26 ақпанда Орталық сайлау комиссиясының бекітілген күнтізбелік кестесіне сай 2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында кандидаттарды ұсыну басталды. 2-9
наурыз аралығындағы кезеңде ҚР ОСК-ға ұсыну туралы14 өтініш келіп түсті.
Өзін-өзі ұсыну арқылы өз кандидатураларын ұсынғандар:
1. Сырғабаев Асқар Жорабайұлы;
2. Алдажанов Сафиолла Қалабайұлы;
3. Қойшиева Лимана;
4. Әбдікәрімов Бақыт Төлегенұлы;
5. Мырзашов Сухраб Аминжанұлы;
6. Үктешбаев Есенбек Жапарұлы;
7. Джунисбеков Якобжан;
8. Жұман Қайрат Тоқтарұлы;
9. Серғазин Ержан Мерекеұлы;
10. Маишев Қайрат Әлембайұлы;
11. Қайсаров Уәлихан Әбішұлы;
12. Естемесов Бахтияр Өксікбайұлы;
13. Турагелдиев Қанат Сбашұлы.
Сыздықов Тұрғын Ысқақұлы «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы» Қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.
Р ОСК Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың Конституция мен қолданыстағы сайлау туралы заңнамада қойылған талаптарға сәйкестігін тексеру бойынша қажетті іс-шаралар өткізді.
Бас Прокуратура мен ІІМ-ге тиісті сұраулар жіберілді. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның отырыстары болды.
Қазіргі уақытта кейбір үміткерлерге қатысты жүргізілген тексерудің нәтижелері бойынша төмендегі анықталды. Әбдікәрімов Бақыт Төлегенұлы, Мырзашов Сухраб Аминжанұлы қырық жасқа толмаған, осыған байланысты оларды 2015 жылғы 6 наурызда ҚР ОСК қаулыларымен тіркеуден бас тартылды.
Сонымен қатар, лингвистикалық комиссия қорытындысының негізінде ҚР ОСК Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар ретінде екі үміткерді – Сырғабаев Асқар Жорабайұлы мен Алдажанов Сафиолла Қалабайұлын тіркеуден бас тартты.
6 наурызда Қойшиева Лиманаға қатысты оның Конституция мен сайлау туралы заңның талаптарына сәйкестігі туралы тиісті қаулы қабылданды. Оған өзінің кандидатурасын қолдап сайлаушылардың қолдарын жинау үшін қол қою парақтары берілді.
«Үміткерлердің өз қолдарымен жазған мәліметтерінің өзін Ортсайлауком мұқият тексеруде. Мысалы, өз кандидатурасын ұсынған У. Қайсаров Президенттікке кандидат болып дауысқа түсуге ниет білдіру туралы өтінішінде басқа мемлекеттің азаматтығында тұрғанын өз қолымен көрсеткен. Осы мәселе бойынша біз ІІМ-ге аталған деректерді тексеру үшін сұрау жібердік. Сондай-ақ осы үміткер мемлекеттік тілде толтырған өмірбаяндық деректерде бірнеше қателер кеткен» — деп атап көрсетті брифинг барысында Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Л.Ж. Сүлеймен.

Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз қызметі

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleЕлбасы сайлауға түсуден өзі бас тартса, өзі тәрбиелеп қалыптастырған шәкірттерінің бірін ғана алға шығарады.
Next Article Алтай қазақтарының қыздар поэзиясы

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.