ҚР Қорғаныс министрлігінде ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Нұрлан Сауранбаев Түркия Ұлттық қорғаныс министрлігі қорғаныс өнеркәсібі комитетінің өкілі Исмаил Демирмен кездесті-деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі баспа сөз қызметі.
Қазақстан Республикасы үшін Түркия әскери-экономикалық және әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы жақын серіктестің бірі болып табылады. Бүгінгі кездесу біртіндеп жоғары деңгейге көтеріліп келе жатқан екіжақты қарым-қатынастың ары қарай дамуына өзара тиімді мақсатты көздейді. Кеңейтілген мақсаттағы электронды-оптикалық құрылғыларды жинастыратын «Қазақстан Аселсан инжиниринг» бірлескен кәсіпорны бүгінгі таңда қарқынды дамып жатқанын атап өткеніміз жөн. Аталмыш кәсіпорын күштік органдар мүддесінде өз өнімдерін ұсынады.


