Маңғыстау халқы жылдағы дәстүрмен биыл да наурыздың 14-і күні облыс орталығы Ақтау қаласынан жүз шақырымдай жерде орналасқан «Отпантау» мәдени-ұлттық кешеніне жиналып, Амал мейрамын тойлады. Отпантау басында өткен мәдени көпшілік шараларды тамашалауға бірнеше мың адам қатысты. Мерекеге Маңғыстаумен бірге Атырау, Батыс Қазақстан облыстарынан, Астанадан адамдар келді.
Отпантау басындағы Амалды тойлаудан соң да Көрісу мерекесі наурыз айы бойы жалғаса береді. Тұрғындар бір-бірінің үйін аралап, құшақтасып көрісіп, амандық-саулық тілеп, келген жаңа жылмен құттықтайды.
1Отпантауда Амал мейрамына тігілген киіз үйлер. Маңғыстау облысы, 14 наурыз 2015 жыл.
2Амал мерекесі қарсаңында, ежелгі дәстүр бойынша Отпантауда «Бірлік оты» жағылды. Жергілікті ақсақалдардың айтуынша, жаугершілік заманда Маңғыстау түбегін мекендеген қазақтар аймақтағы биік шоқы Отпанның басында от жағу арқылы жаудың келгенін хабарлаған. Оны «Ұран оты» деп атаған. Маңғыстау облысы, 13 наурыз 2015 жыл.
3Отпантаудағы «Бірлік отын» әйгілі спорт ардагері, жүгіруден СССР-дің алты дүркін чемпионы Әмин Тұяқов тұтатты. Маңғыстау облысы, 13 наурыз 2015 жыл.
4«Отпан тау» мәдени ұлттық кешенінде Амалдың құрметіне отшашу. 13 наурыз 2015 жыл.
5Жылдағы дәстүрге сай, биыл да Отпантаудағы биік шоқының басына жиналған жұрт елдің амандығын, жұрттың тыныштығын тілеп дұға қылды. Маңғыстау облысы, 14 наурыз 2015 жыл.
6Көрісу мерекесінде кездесіп, құшақ айқастырған адамдар. Отпантау, Маңғыстау облысы, 14 наурыз 2015 жыл.
7Отпантаудағы Амалға Маңғыстаумен бірге көрші Атырау, Оралдан арнайы ат сабылтып келді. Көптеген көрмеген туыс, жекжаттар бір-бірімен құшақтасып көрісіп, Жаңа жылдың келуімен бірін-бірі құттықтады. Маңғыстау облысы, 14 наурыз 2015 жыл.
895 жастағы Абдулла Әбдірахманұлы ақсақал (сол жақта) биылғы Амал мерекесіне Атыраудан Отпантаудың басына арнайы келген. Маңғыстау облысы, 14 наурыз 2015 жыл.
9Амал мейрамы күні Отпантау басында ашылу салтанаты өткен киіз үй үлгісінде жаңадан салынған үш ғимараттың ең үлкені «Қарашаңырақ» деп аталады.
10«Қарашаңырақта» Түркістандағы әйгілі тайқазанның кішірейтілген түрі бар, оны арнайы соқтырып жасатқан.
11Отпантаудағы Амал мейрамында келген жұрттың арасында ұлттық киім кигендер жиі көзге шалынды. Маңғыстау облысы, 14 наурыз 2015 жыл.
12Отпантаудағы мерекелік сахна.
13«Баланы бесікке бөлеу» көрінісі. Отпантау, Маңғыстау облысы, 14 наурыз 2015 жыл.
14Отпантаудағы Амал мерекесіне келген жас отбасы.
15Көкпар тарту.
16Көкпаршы. Отпантау, Маңғыстау облысы, 14 наурыз 2015 жыл.
17Бәйге жарысына қатысушылар.
18Балуандар күресі. Отпантау, 14 наурыз 2015 жыл.
19Күресті тамашалап отырған жұрт.
20Отпантаудағы мерекелік шараларды тамашалап отырған көрермендер.
azattyq.org


