-
Қазақстан азаматы Малайзия премьер-министрінің қызына үйленеді
Бүгін, 19 наурыз күні Қазақстан азаматы Данияр Кесікбаев пен Малайзия премьер-министрі Наджиб Разактың қызы Нуриана Наджве шаңырақ көтереді.
Бұл туралы The Straits Times-қа сілтеме жасай отырып NUR.KZхабарлайды.
Bernama news agency мәліметіне сәйкес, той Путраджая қаласындағы премьер-министрдің ресми резиденциясында өтеді.
Наджиб қызы мен қазақстандық 27 жастағы азамат Данияр Кесікбаевтің арасындағы тойды жеке өзі өткізетін болады.
Той екі жерде: Куала-Лумпур мен Нуриананың туған жері Пеканда жалғасады.
Тойға шақырылғандардың арасында Малайзия королі Абдул Халим Муадзам Шах, министрлер, елшілер және т.б. лауазымды тұлғалар бар.
Нуриана Наджве мен Данияр Кесікбаев бір-бірімен АҚШ-та оқып жүргенде танысқан. Премьер-министрдің қызы Вашингтонның Джорджтаун университетінде білім алған.
Ал Данияр Кесікбаев Нью-Йорктің Колумбия университетін бітірген.
«Кесікбаев — Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі. Оның анасы Майра Кесікбаева президенттің ағасына тұрмысқа шыққан» — деп жазды straitstimes.com сайты.


