Алматыда белгілі қазақ диссиденті, жазушы Кәрішал Асанов 79 жасында қайтыс болды-хабарлайды азаттық.
Қызы Қарлығаш Асанова әкесі наурыздың 26-сы күні кешке дүниеден өткенін хабарлады. Туыстарының айтуынша, Кәрішал Асанов соңғы кездері жүрегі ауырып, бір айдай бұрын ауруханада жатып шыққан.
1993 жылы Кәрішал Асановқа қуғындалған жазушыларға берілетін халықаралық Хеллман-Хэмметт (АҚШ) сыйлығы берілген. Ол бірнеше кітаптың авторы.
Биыл Кәрішал Асанов Қазақстандағы оппозициялық ұйымдар тағайындаған «Азаттық» сыйлығын иеленген.
Кәрішал Асановты сенбі, наурыздың 28-і күні Алматыдағы Кеңсай зиратына жерлейді.


