«Музарт» тобының мүшесі, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мейрамбек Беспаев ұлды болды.
Бұл жөнінде өзінің Instagram парақшасында Сәкен Майғазиев хабарлады.
Ол жазбасында «Сүйінші, Қазақ елі! Алланың қалауымен Мархабат Мейрамбекке алтын асықтай ұл сыйлады» деген.

Айта кетейік, Мейрамбек Беспаев жары Мархабатпен 2004 жылы отау құрған болатын.


