Нұрлан бауырымыздың өз ажалынан өлгеніне күмәнмен қарайтынымды жасырмаймын.
Ол соңғы кездерде Қазақстандағы атом электр стансасын салу жөнінде Жапонияның Toshiba компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатқан болатын.
В. Школьник «Қазатомпром» АҚ басқарып тұрғанда Ресей мүддесін ашық қолдап, тіпті екі ел арасындағы келісімге қол қоюға да зор ықпал еткен еді. Ал Ұлттық компания басшылығына Н. Қаппаровтың келуімен М. Жәкішев бастап кеткен Жапониямен келіссөздер жүргізу жалғасын тапқан еді. Бұл жағдайдың министр В. Школьникке ұнамауы бек мүмкін…
Атом стансасын жапондардың салуын қалаған Мұхтар Жәкішевтің түрмеде екенін де еске сала кеткен жөн.
Осыған қарап «Қазатомпром» АҚ келесі басшысы В. Школьник пен оның құдасы қалаған біреудің басшылыққа келуі мүмкін.
Қытай мен Қазақстан арасындағы байланыстың нығайып келе жатқанын ескере отырып, Нұрлан бауырымыздың тура Қытай елінде жүрегінің тоқтап қалуының да саяси астары жоқ па екен деген ой келеді…
Қалай десек те қазақтың бір талантты ұлы мәңгілікке көз жұмды. Иманды болсын.
Мақсат Ілиясұлы facebook парақшасынан алынды



