Мемлекеттік тіл бойынша ұлттық комиссияның мүшелері ел үшін орыс тілінің қажеті шамалы деп санайды. Сондай-ақ, Ата Заңдарында жазылған орыс тілінің ресми деген мәртебесін алып тастауды ұсынуда.
Соңғы жылдары ел ішінде мемлекеттік тіл мәселесі қызу талқыланып, «Бір ел – бір тіл» деген ұран пайда болды. Білім және ғылым саласында жүрген мамандар мен БАҚ өкілдері осы мәселені жиі көтеріп, ел арасында елең еткізерліктей пікірталас тудырды. Соңында түйткілді мәселенің нүктесін ел президенті Алмазбек Атамбаев қойып: «Қырғызстанда тұрып қырғыз тілін білмеу – арсыздық және надандық», – деді.
сыдан кейін елде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, мәртебесін арттыруға негізделген Ұлттық бағдарлама дайындалып, 2020 жылға дейін арнайы жоспар жасалды. Соған сәйкес, қырғыз тілін оқыту тәсілі түбірімен өзгеріп, балабақшадағы баладан билік басындағы шенеуніктерге дейін мемлекеттік тілді білу міндеттелді. Бүгінде қырғыз тілін қажет деңгейде білмейтін шенеуніктер заң бойынша қызметінен аластатылады.
Ақпарат көзі: egemen.kz


