Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Қаппаровтың жерлеу рәсімінде Сағынтаев кешірім сұрады (фото)
Жаңалықтар

Қаппаровтың жерлеу рәсімінде Сағынтаев кешірім сұрады (фото)

28/03/20150
Қаппаровтың жерлеу рәсімінде Сағынтаев кешірім сұрады (фото) 

 Алматы жұртшылығы «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық Атом Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Қаппаровты ақтық сапарға шығарып салды.

«Ғылым ордасы» РМК кешенінде өткен қаралы жиынға Нұрлан Қаппаровпен бірге іскен әріптестері, премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, Энергетика министрі Владимир Школьник, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, парламентінің депутаттары, облыс әкімдері және қала тұрғындары келіп, марқұмның отбасына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасты.

Өз сөзінде Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Нұрлан Қаппаровтың небәрі 45 жыл өмір сүрсе де артына өшпес із қалдырғанын айта келе, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жедел хатын оқып берді.

«Нұрлан Қаппаров тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында жастар арасынан дараланып шығып, кәсіпкер ретінде танылған еді. Содан әр жылдары «Қазақойл» ұлттық мұнай газ компаниясын, Қоршаған орта және су ресурстары министрлігін басқарды. «Қазатомөнеркәсіп» АҚ басқарма төрағасы болды. Өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқара білді. Мол білімі мен тәжірибесін еліміздің өсіп-өркендеуіне жұмсады. Амал қанша, халқына бергенінен берері көп еді. Енді халқы оның есімі мен еңбегін ешқашан ұмытпайды деп ойлаймын», — делінген жеделхатта.

Осы қаралы жиында премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев та қайғырып көңіл айтты.

«Осы таяуда өзімнің ойланбай жасаған әрекетім үшін Нұрланның рухы алдында кешірім сұраймын. Нұрлан экология министрлігінен кетіп, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ басқарып жүрсе де, «Экспо-2017″ директорлар кеңесінің төрағасы болатын. Ол елбасының қабылдауына дайындалып жүрді. Өйткені қазақ ұлттық павильонының құрылымына жауапты еді. Біз премьер-министрдің алдында арнайы роликті тамашаладық», — деді ол.

Алайда роликті көріп болған соң Сағынтаев бір ескертпесінің бар екендігін айтқан.

«Нұрлан осыған байланысты жобасын қайта өңдеймін дегенше 10 күн уақыты кетті. Қазір сол айтқан ескертпем үшін қатты өкінемін. Егер айтпағанымда ол өз идеясымен және дайындаған ролигімен елбасының қабылдауында болар еді. Мүмкін, жобасы мақұлданып, біз Нұрланның жасаған еңбегін көрер ме едік. Мен бұл роликтің елбасының қарауында болатындығы жөнінде Нұрланның рухы алдында уәде етемін. Өйткені, ол өзінің осы жобасына бар ынтасымен кіріскен болатын», — деді Сағынтаев.

Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев өз сөзінде Нұрлан Қаппаровтың өз ісіне қашанда ұқыпты болғандығын жеткізді.

«Қай істі қолға алмасын, мінсіз жасайтын. Кезінде «Қазтрансойл» компаниясын табысты компанияға айналдырды. «Қазақойлда» жұмыс істеп жүріп, Қазақстан мұнайының экспортын бірнеше есеге арттырды. Соның арқасында ел қазынасына қомақты қаржы келіп түсе бастады. Ұлттық қорды құруда да Нұрланның үлесі өте зор. Ол осы қорға қатысты жұмыс тобының мүшесі болды. Соның арқасында қорға қаржы келіп түсе бастады. Оның атом өнеркәсібі саласын дамытуға қатысты да жоспарлары көп болатын. Компанияны осы саланың көшбасына шығарғысы келді. Нұрланның қазасы — біз үшін орны толмас ауыр қаза», — деді Бозымбаев.

Марқұм Кеңсай зиратына жерленді.

news.nur.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleМен – өзің деп кесілген КЕНЕСАРЫНЫҢ әз басы (өлең)
Next Article Шымкент қаласында жыл басы «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз»

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.