Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Жақын арада АҚШ-тың классикалық радиосының әуе толқынында қазақ музыкасы орындалатын болды
Жаңалықтар

Жақын арада АҚШ-тың классикалық радиосының әуе толқынында қазақ музыкасы орындалатын болды

30/03/20150

 

 

 

20-27 наурыз аралығында халықаралық ынтымақтастық және тәжірибе алмасу мақсатында «Classical KUSC» (Лос-Анджелес, АҚШ) радиостанциясының бас мамандары Бренда Барнерс (Оңтүстік Калифорния Университетінің радио  және «Classical KUSC» президенті) және Кристофер Мендез (заманауи технологиялар маманы) Алматыдағы «Classic» радиосында («Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясының құрамына кіреді) болып қайтты.

«KUSC»  радиосының президенті Бренда Барнс:

 «Бұл радио мен көрген классикалық музыканың үздік радиоларының бірі. Танысып, әрі ұзақ мерзімді әріптестікке қол жеткізгенімізге қуаныштымыз. Қаланың әдемілігіне, қазақтардың қонақжайлығына және кәсібилігіне тәнті болдық, Қазақстан мемлекетінің тұтас табысына таң қалмасқа шара жоқ».

 «Classic» радиосының директоры Раушан Джуманиязова:

 «Лос-Анджелестік әріптестерімізбен кездесуіміз сәтті өтті: біз көптеген пайдалы ақпаратқа қол жеткізді. Ең бастысы, Лос-Анджелес, Сан-Франциско, Санта-Барбара, Санта-Кларита, Палм-Спрингста, Таузенд-Окустте қазақ музыкасы, біздің композиторлар мен орындаушылар жайында трансляцияланатын тұрақты бағдарлама туралы келісім жасадық. Біздің сазгерлеріміздің бүкіл әлемге паш етілуі өте маңызды».

Кездесулер классикалық музыка форматында хабар тарататын радионың ерекшелігі туралы мәселелерге,  мәдениет пен өнерді дамытуға, жаңа медиаға арналды. Талқылауға, сондай-ақ «Қазақстан» РТРК интернет редакция бөлімінің қызметкерлері және Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының студенттері қатысты.

«Classic» радиосы – хабар таратуы толығымен түрлі жанрдағы және ұлттық мектептердің академиялық музыкасына негізделген бірегей радиостанция болып табылады. Бұл Қазақстан Республикасының аумағындағы классикалық музыканың тұңғыш және жалғыз радиостанциясы. Радио 2011 жылдың 6 маусымынан бастап хабар тарата бастады. Қазіргі уақытта екі ірі қалада: Алматы (102,8 FM) және Астана  (102,7 FM) қалаларында хабар таратады. «Classic» радиосы әлем бойынша барлық әріптестерімен қызмет етеді. Әсіресе, Мюнхенмен («BR-klassik») және Мәскеумен («Орфей») жасалған ынтымақтастық табысты болды. Сондай-ақ, «BBC 3» (Лондон) және «Radio Classique» (Париж) радиостанцияларымен ынтымақтастық қатынас дамып келеді.

«Classical KUSC» радиосы АҚШ-тағы классикалық музыканың ірі қоғамдық радиостанциясы болып табылады. KUSC негізгі міндеті классикалық музыканың  Оңтүстік Калифорния тұрғындары өмірінің ажырамас бөлшегі ретінде қамтамасыз ету болып табылады. Радиостанцияның тарихы 60 жылға жуық.  «Classical KUSC» —  Лос-Анджелес, Санта-Кларита, Палм-Спрингс, Таузенд-Оукс, Санта-Барбара, Морро Бэй қалаларында хабар таратады. Радиода «Arts Alive», «Modern times», «The Opera Show» және басқаларын қоса алғанда жиырмадан астам авторлық хабар бар. 1931 жылдан бастап «Classical KUSC» радиосынан Метрополитен Операдан қойылымдар беріледі.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚытайдың жаңа банкі Американы алаңдатады
Next Article МИЛЛИАРДЕРГЕ АЙНАЛҒАН ЧАПЛИННІҢ АҚША ТУРАЛЫ ОЙЫ

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.