Бұл көз көрген куәгерлердің сөзі.
Өткен ғасырдың 30-40 жылдары , Шынжаңның (шығыс түркістан) Алтай аймағының Көктоғай , Шыңгіл аудынындағы Шың шысай үкіметіне қарсы « малшылар көтерілісі» немесе « Есімхан-Ырысхан көтерілісі» , кейде « Оспан батыр көтерілісі» деп аталатын, ұлыттың бостандығы жолындағы қанды қырғын, сұрапыл соғыстардан жалпы оқырмандар хабардар. деседе, осы бір ел жадынан кетпейтін , ұлт тарихының қанды ізі болған жанкешті соғыстың «ол жерде атысты, бұл жерде шабысты» дейтін ғана, оқиғаның ұлы жүлгесін ғана негіз еткен баяндаулар тым тереңге бармайды. азғантай қазақты араға қыспаққа алып, бидайша қуырып , көкпарға салған Кеңес одағы, Қытай , АҚШ , Жапония, Британия елдері араласқан саяси қақтығыс, қаншама ұрпақты шатастырып келгенін бір Құдайға ғана аян.
Сол соғысқа қатысқан ,қанды шапан адамдардың өздері көріп білген , дәлелдері керек, сонда барып мынау Шынжаң өңіріндегі он жылдық сұрапыл соғыстың «рулар ара қақтығыс» «белгілі топтың бұлігі» « бағыт- бағыдарсыз соғыс» дейтін сандырақтан аулақ бола аламыз, сондықтан оқырманға Бауыржан Момышұлы туралы осы бір шындықтың бетін ашуды жөн көріп отырмын.
Әуелі осы шындықты тудырған оқиғаға тоқталайын:
Бұл оқиғаның бас- аяғына ұзақ тоқталып жатпай-ақ, тіке айтар болсам, 1940 жылдан басталған «малшылар көтерілісі» 1944 жылға келгенде Монголия елінен әскери қару және көмек әскер алумен жауларын ойсырата жеңді (бұл оқиғанының ішкі сыры өз алдында) 1946 жылы Алтай Гоминдаң үкіметінен азат болып , 1944 жылы Монголиядан енген әскери қосынның белді әскери қолбасшысы , Оспан батыр әскерінің әскери командиры болып шыққан Дәлелхан Сұгірбаймен Оспанның саяси көзқарасы үқсамай өзара алалық туылды ( бүлда ұзақ хикая) бұл тартыс ушыға тұсіп , Дәлелхан кеңес ұкіметінің қызылдарынан кұш алып, Оспан Гоминдаң өкіметімен бірлесуге мәжбүр болады. ақыры екі топ болып жіктелудің соңы қиян кескі соғысға әкеп соғады. Дәлелхан тобы 1947жылы Оспан тобынан жеңіліп шегініп Жеменей арқылы кеңес үкіметіне өтеді. міне осы шегінуде Дәлелханның қорғау пәйінде(командасында) істеген Қаһарман Жақсылық ұлы бірге шегінеді ( бұл аралықтағы оқиға баяндау қысқартылды…) кеңес жеріне барып кұш топтап , ірі қару жараққпен қаруланған Дәлелханның 81 машинамен , 300атты әскермен Бақты өңірінен Шынжаңға қайта өтеді ( бұл әскерлер кеңес үкіметінен , Іле өңірінен , Тарбағатайдан және Дәлелханның қолындағы бұрынғы әскерден қуралған) екі айға жетпейтін уақытта аттылы , машиналасқан қосын болып үш топ, үш бағытпен Алтайға қайта бет алады, Бірінші топ: Буыршын арқылы Сарсүмбеге .
екінші топ : (Қобық, Жеменей партизандары қосылып) Үліңгір көлінің аяғынан Сарсүмбеге бет алады.
ұшінші тобы: Бурылтоғай ауданын орай өтіп Ышқынты арқылы Сарсүмбеден шегінген жауды қоршауға алып тып типыл етумен . Көктоғай , Шіңгілден беттеген жаудың алдын тосуды міндетіне алып аттанады.
Міне осы жолы Шірікши және Ертіс бойындағы елдың Дәлелхан әскері жағынан ауыр қырғындалу оқиғасы туылады, (бұндағы шындыққа кейін тоқталамыз) осы оқиғаға тоқталсақ .
Бұл күнде 86 жасқа келген Көктоғайдағы Рәп кәрияның айтуынша :
« ол кезде өзім енді ғана тоғыз он жастарға шыққан бала едім, Дәлелханның бұйрығымен Шырыкши өңіріндегі халықтың еркек кіндіктілер қыра бастады . елді бір шеттен қырғындай бастағанда апам өзіме қыз баланың киімін кигізіп, басыма жаулық тағып құтқарып жіберген болатын»дейді.
1989 жылы Тәбітай кәрияның айтуында; « ауылды плимотпен оққа ұстағанда , қозы қайырып жұрген өзім бұта- бұргеннің арасында бұғынып қалып аман қалдым, әскерлердің елді қырғанын көзіммен көрдім»- десе,
1990 жылы Ниязхан кәрияның айтуында ; «отыз неше азаматты Дәлелхан әскерлері айдап апарып, орманның ішіне дізерлетіп отырғызып қойып « бандылардың кеткен бағытын айтуымызға, өзіміздің бандылармен біріккен-бірікпегенімізді сұрап» зорлағанда өзімнің қасымда дізерлеп отырған Шәріпхан Көгедайдың ұлы Мақатанның аты жөнін айтуымен Дәлелханның әскерлері оны еркіндікке қоябереді, сонда Мақатан «жолдастарым еді» деп үш азаматты әскерлер қолынан босатып алады . сол үштің бірі өзі екенін айтады.
Құралды жасақтың қара халықты дөң басына иіріп тұрғанда топ арасында Мәтіке ханым айхайлап шығып; « шақырыңдар- бастықтарыңды, қара халыққа бұлайша өшігіп , қырғындағандағы мақсатың не екен? , сөйлессін меніменнен !» деуімен әскери шенді екі адамның келгенін , Мәтіке ханымның сөзін аудармашы арқылы уғып, жиналған елден сабыр сұрап , әскерлерді шегергенін. Бәтен апамыздың баяндауы біз сөз етіп отырған мұндағы оқиғалардың шындығынан дерек береді.
Хахарман Жақсылық ұлы былай дейді : « жоғардағы Мәтіке ханымның сөзінің әсері болдыма, жоқ әлде жоғардан бұйрық келдіме? Дәлелхан әскерлердің бұқараны қырғындауын тоқтатуға бұйрық берді» — осы бұйрық қағазды әрбір қосынға өзі жеткізгенін айта келіп : «қырғындау тоқтап , әскерлер Сарсүмбеге жиналған кез еді, кеңес одағынан келген Лескин және Мухамметжан деген екі генерал болды, бұлар сарсұмбеде жиын ашты. Мұхамметжан деген сұсты , қабағы қатулы, алакөз әскери адам Дәлелханға қатты сөйледі ; « мен мына соғысты қате тұсініппін , қазақпен- қазақтың соғысы екенін білсем Алтайға келмес едім , сен елді қырғанда ертең Алтайдың тасына генерал боласыңба? , мен күні ертең әскерімді шегіндіріп кетемін, айтып қойганым Дәлелхан , сен өзіңе ақыл қосып , қолғанат болар маңайыңа бірде адам топтамапсың, сенің соғысың баянсыз, ең әұелі беталысыңды дүзеп, одан соң соғыс, әйтпесе мына соғысыңды тоқтат!» , деп қатты айтты.
Лескин бұл кезде Мұхамметжанғада Дәлелханғада қарсы сөз сөйлемеді, тек Дәлелханға ; « орынсыз қырғын жұрілді, бұл үлкен қателік болды» дегенді айтты.
Осы күннің ертесінде Мұхамметжан генерал Алтайдан әскерін шегеріп әкетті , біз ол шегінген соң барып білдік, бұл атақты Бауыржан Момышұлы екен, «Лескинның де оған батып сөйлемеуі, оның батырлығына мойындайды екен» десіп жұрді – дейді 2014 жылы науырыздың 8 күні 86 жасында қаза болған Қаһарман марқум ( бұл айтылымдардың бейне жазбасы қолымда).
Бұл оқйға туралы куагерлер тым мол, солардың енді бірі 1993 жылы өзімнің туысшылау байланысымменен шығыс Қазақстанның Ақжар ауданына қарасты Шілікті өңіріне келгенімде мұндағы 73 жастағы Ниязбек Мухамметжанов ақсақалға жолыққанымда «өзінің сол жолы Бауыржан Момышулының қосынында әскер болып Алтай өңіріне барғанын , Бауыржанның Мұхаммежан деген жамылғы атпен барғанын , барған соң Дәлелханға өкпелеп «қазақпен- қазақ соғысқан соғысқа мен араласа алмаймын» деп қосынын бастап шегінгенін өз ауызымен баяндап берді.
Міне бұл Бауыржан бабамыз жөніндегі күні бүгінге дейін беті ашылмаған бір шындық, әрине бүндай шындықтар әліде көп, ендігі жерде тарихи оқиғалардың шындығына бірден жетудің мезгіліде жеткендей. осы бір оқиғадан оқырманның Шынжаң өңіріндегі 1940 жылдан 1950 жылдар аралығындағы соғыстың ішкі сырының құпиясы әліде ашылмаған күрделі тақырып екеніне көз жетеді деп ойлаймын.
жазушы Байахмет Жұмабайұлы
kerey.kz



