Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Аман Төлеев билікке наразылық ретінде партиядан шығады
Жаңалықтар

Аман Төлеев билікке наразылық ретінде партиядан шығады

06/04/20150

Ресейдің Кемерово облысының губернаторы Аман Төлеев Кремльге қыр көрсету ретінде өзінің «Единая Россия» партиясынан шығатынын мәлімдеді. Бұл туралы «Родной Новокузнецк» сайтына сілтеме жасай отырып егемен газеті  хабарлады.

Портал мұны «Единая Россия» партиясы қалалық бөлімшесіндегі мәнбесіне сүйеніп жеткізген. Партия өкілі журналистерге Аман Төлеевтің бұл саяси партиямен барлық қарым-қатынасын үзілді-кесілді үзу ойы бар екенін айтқан.

Кемерово облысының 4 мәуріттен бергі үздіксіз басшысы 2003 жылдан бері биліктің «Единая Россия» партиясының мүшесі болып келеді. Осы уақыттың өне бойында ол барлық деңгейдегі сайлауларда партияның аймақтық тізімінің ұдайы басында тұрған.

«Бірақ Төлеевтің «ЕдРа»-ның кейбір функционерлерімен қарым-қатынасы таяу арада бұзылды, — деп жазады «Родной Новокузнецк» сайты. – Губернатордың «Единая Россиямен» арасының нашарлап кетуінің ықтимал себебі партия бас кеңесінің хатшысы, новокузнецкілік Сергей Неверовтің өркөкіректігі болған сияқты. Ұзақ жылдар бойы тап сол тұлға Кузбасс губернаиторы мен «Единая Россия» арасындағы байланысшы буын болып келіп еді. Төлеевтің арқасында «ЕдРа»-ның аймақтағы рейтингісі де жоғары болып тұрды. Ал губернатор мұны думадағы орынтақты өз айналасындағы адамдармен толықтырып отыруға пайдаланды.

Интернет-порталдың мәліметі бойынша, қазір Неверов алда болатын аймақ басшысы сайлауына тұтас бір «новокузнецкілік блоктың» қатысуын Кремль арқылы шешу жолында белсене жұмыс жасап жүр. Бұл блокқа оның өзі де кіреді. Тізімде бұдан бөлек, бір кездері «Южкузбассугольде» және облыстық әкімшілікте істеген, қазір РФ президентінің кеңесшісі болып жүрген Антон Кобяков пен Сергей Кузнецов бар.

Сайттың мәліметіне қарағанда, Аман Төлеев «Единая Россияның» аймақтық бөлімшесінің қарымта соққы беру үшін де оның қатарынан шыққалы отыр.

Осы орайда «Родной Новокузнецк» порталы: «Енді Кузбасстың көптеген саясаткерлері мен депуттары одан үлгі алып, «Единая Россиядан» губернаторлық» Служу Кузбассу» блогына өтеді деп күтіліп отыр, — деп жазады сайт тағы. – Бұл саяси қадам «Единая Россияның» Кемерово облысындағы бөлімшесін жойып қана қоймайды, оның басшысы Неверовтің партия функционері ретіндегі беделінің быт-шытын шығарады. Сонымен бірге, ол Кремльге аймақ элитасы Төлеевтің төңірегіне топтасқанын танытып береді. Ал биылғы қыркүйек айында өтетін губернатор сайлауы қарсаңында мұның маңызы зор», — деп «Единая Россия» қалалық бөлімшесі өкілінің сөзінен дәйектеме келтіреді.

Кузбасс губернаторы партияның жергілікті бөлімшесі құрамынан шығатын шешім қабылдап отырғанын облыстағы басқа сайттар да жазып жатыр.

«Төлеев жиын шақырып, өзінің наразылығын анық білдірді. Ол партияның қазір өзінің мүддесін қорғамай отырғанына разы емес. Қазір федералды БАҚ-тарда Төлеевтің губернатор сайлауына қатысуы мәселесі талқылануда. Оны өзі ұзақ жылдар аймақтағы барлық деңгейдегі сайлауларда өте жоғары процент алдырып беріп келген «Единая Россияның» осы тұста әліптің артын бағу позициясын ұстанып отырғаны ызаландырады, — деп жазады SЁ42. – Жиынның соңында ол партияның өзі үшін құрамынан шыққаннан басқа ештеңе қалдырмағандай тірлік етіп жүргенін ашықтан-ашық айтты».

Алайда, Аман Төлеевтің партия қатарынан шығатыны жөнінде облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметінен әзірге бірде-бір рет мәлімдеме берілген емес.

Мұрат Айтқожа.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleСиыр сирақты түріктер
Next Article Алтайда салмағы 9 келі кесек алтын табылды

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.