«- балам бүгін нешесі?
— Желтоқсанның 9-ы анашым. Жақсы, анашым, мен жолға жүріп бара жатырмын».
Анасын қаттыыыы құшақтап тұрып: «Анашым , Алла бұйыртса, сізге, Жаңа Жылға сыйлық ретінде келін әкелемін», -деді, езу тартып. Асыл анасы көпке дейін қуанып жүрді, «Ерболым келін әкеледі», — деп…..Бірақ…..
Ербол жастайынан ұлтын сүйген, рухшыл намысшыл болатын. Ол желтоқсанда халқының тапталуына, әсіресе қазақ қыздарын қорлағанына шыдай алмады. Желтоқсанда «ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫНА ТИІСПЕҢДЕР» деп, қарсы тұрды жендеттерге. Сырт киімдері жыртылып, шаштары қобыраған қос бойжеткенге ұмтылған мұздай қаруланған жендетті аяқтан шалып құлатып, қыздарды жетектеп, жол жиегіне алып шығады. Тар көшенің бойымен төмен қарай түсе бергенде, артынан қолында сапер күрегі бар екі жігіт қуып жетеді. Ербол қыздарға: «Ештеңеге қайырылмай, тез жүгіріп, үлкен көшеге шығып кетіңдер», – деп өзі әлгі екеуіне қарсы тұра қалады. Көздеріне қан толған қарулы екеу бас салып, Ерболмен айқаса кетеді. Қолына, иығына тиген күрек соққыларына қарамастан, Ербол оларға біразға дейін бой бермейді, бірақ қарулы жендеттер дегеніне жетті…. Осылайша, Ербол жиырма үшінші желтоқсан күні 22 жасында ауруханада көз жұмады.
Құрметті достар, бауырларым, халқым! Желтоқсанда жастарымыз жастығын құрбан етті, біздер үшін, яғни, бүгінгі ұрпақ өзгенің табалдырығында тұрмасын, дұшпанға күлкі болмасын деп қыршын кетті. Енді сол аға-әпкелеріміздің рухы риза болсын десек, біздер, яғни, жастар Егеменді елдігіміздің қадірін бағалап, бір тудың астында жұдырықтай бірігіп жұмыс жасайық. Өз жерімізде, тәуелсіз елімізде қазақша сөйлеп, дініміз бен ділімізді ұмытпай, болашақ ұрпағымызға жақсы тәрбие беретіндей қызмет, амал жасайықшы. Іштей патриот болуды доғаратын кез келді. Енді сол іште қайнап жатқан рухымызды сыртқа шығарып өзгелерге үлгі етейік, ол үшін міндетті түрде әркім өзінен бастауы қажет. «Өй, билік өзі солай, анауда сондай» деп жалкаулық танытып, кері тартпалықты қояйық. Қазақша сөйлейік кез келген жерде, себебі біздің ата-бабамыз сыйлап кеткен кең байтақ жеріміз, тәуелсіз еліміз бар! Алға, ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫ! МЕН СІЗДЕРГЕ СЕНЕМІН, ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫ!
(С) Айбану Кунтуарова.
Nazerke Meldekovaның facebook парақшасынан алынды



