Бұл театр — режиссер Рүстем Есдәулеттің өзі жасатқан жоба еді, мың болғыр әкім Бердібек Сапарбаев оның көзі тірісінде бекітіп, құрылысын жүргізіп, қаржы тапшылығынан, бітіре алмай кеткен. Әкім бұл жаңа театрға Рүстем Есдәулеттің атын береміз деп, тамам елдің көзінше талай рет айтып еді. Асанәлі Әшімов екеумізді құрылыс басына апарып көрсетіп тұрып та солай деген. Обалы қане, Шығысқа келген бетте, краны қаңтарылып тұрған театр құрылысын қадағалап, облыстың ірі мәдени орталығына айналдыруда іскерлік көрсеткен жаңа әкім Даниал Ахметовке ризашылық білдірген дұрыс. Бірақ… әзірге аты берілмесе де қайран боздақтың бір арманы орындалды-ау, бес жыл өткенде!..
Ulugbek Yesdauletағамыздың facebook парақшасынан алынды





