Ү. ж. 12 сәуірде Йеменнен Ресей ТЖМ арнайы бортымен 150 адам шығарылған болатын. Солардың ішінде ҚР азаматтары 1981 жылы туылған Қазақстан азаматшасы Оксана Золотун және оның екі баласы болды-деп хабарлайды СІМ баспа сөз қызметі.
Мәскеуде азаматшамызды балаларымен Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің қызметкерлері қарсы алды. Оларға уақытша баспана беріліп, консулдық-құқықтық көмек көрсетілді.



