Бұдан бөлек, айтулы доданы көрсетуге Түркияның, Италияның, Украинаның, Грузияның арналары, сондай-ақ Интернет телеарналар қосылады деп күтілуде.
«Жалпы алғанда телекөрермендер саны 300-400 млн. адамға жетеді деп пайымдап отырмыз»,-деді А. Шораев.
ҚР Президентінің жүлдесі үшін «Қазақстан Барысы» турнирінің ақтық сыны 5 шілдеде елордадағы «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтеді. Атап айтқанда, аталған турнир аясындағы іріктеу төрт кезеңде өтеді. Бірінші кезеңдегі іріктеулер ағымдағы сәуір бойы ауылдар мен елді мекендерде, ІІ кезең — ауданды, қалалық 1-15 мамыр аралығында, III кезең — облыстық іріктеулер 20 мамырға дейін, сондай-ақ соңғы кезең ақтық сын. Ақтық сайысқа қатысатын балуандар арасында 19-23 мамыр аралығында Алматы қаласында оқу-жаттығу жиыны өткізіледі.



