Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Сириялық оппозицияның жекелеген өкілдерінің Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жолдауына байланысты ҚР СІМ түсініктемесі
Жаңалықтар

Сириялық оппозицияның жекелеген өкілдерінің Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жолдауына байланысты ҚР СІМ түсініктемесі

21/04/20150

ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі – Ресми өкілі А. Әбибуллаевтың түсініктемесі

 

Сириялық оппозицияның жекелеген өкілдерінің Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жолдауын алғанымызды және ол осындай жағдайға сәйкес және сыпайылық ережелері талап ететіндей қарастырылғанын растаймыз. Осыған орай, ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың атынан жауап-хат жолданды.

Біздің еліміздің принципиалдық ұстанымдары келесі мәселелерді қамтиды: Қазақстан БҰҰ, Араб мемлекеттер лигасы, АҚШ, РФ өкілдік еткен халықаралық қауымдастықтың қабылдап отырған шараларын, сонымен қатар сириялық билік пен оппозицияның зорлық-зомбылық пен қантөгісті тез арада тоқтату мақсатында өзара үнқатысу мен татулық арқылы Сирияның саяси болашағын айқындауға бағытталған күш-жігерін қолдайды. Осыған орай, Қазақстан Сириядағы қақтығысты реттеу бойынша «Женева-2» конференциясы аясында сириялық билік пен оппозияция арасындағы келіссөздердің жалғасуына үміттенеді. Қазақстан сириялық қақтығыс тек бейбіт жолмен ғана шешіледі деген ұстанымға бекем байланған.

Сириялық оппозиция өқілдерінің жолдауы дәл осындай қағидамен қарастырылды.

Өзінің жауап-хатында ҚР Сыртқы істер министрі тағы да Қазақстанның Сириядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты орнатуға деген ұлттық және халықаралық күш-жігерді қолдайтынын жеткізді. Ол Қазақстан тиісті тараптар үшін қажетті үнқатысу алаңын ұсыну мүмкіндігін қарастыруға дайын екендігін және осыдан келе хат авторларын бірінші бейресми және көпшіліксіз пікіралмасу отырысын өткізу үшін Астанаға шақыру мәселелерін атап өтті. (Жабық хат-алмасу жарыққа шығып, БАҚ-тарда жариялануы кем дегенде таң қаларлық жағдай). Сонымен қатар, хатта кездесу форматы, делегация құрамы, олардың репрезентативтілігі, ұсынылып отырған платформаның қатысушыларының міндеттері мен ақырғы мақсаттары жетістікке қол жеткізу үшін аса маңызды екендігі арнайы аталып өтілді.

Осылайша, қазіргі таңда мәселе тек аталған жағдайды тереңірек зерттеу туралы болып отыр. Біз хат авторларын Қазақстанға жұмыс бабында келіп, танысып, әрі қарай мәселені талқылауға негіздеменің бар-жоқтығын түсіну мақсатында шақырып отырмыз.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта бар келіссөздер алаңдарын, соның ішінде женевалық және мәскеулік форматтардағы келіссөздерді принципиалды тұрғыда қолдайтынымызды және Қазақстанда сириялық дағдарысты шешу кеудемсоқтығы немесе қазіргі бар алаңдарды ауыстыруға деген қандай да бір ниет жоқ екенін ерекше атап өтеміз.

Сондай-ақ, хатта Сириядағы ауыр гуманитарлық дағдарыстың салдарына қатты алаңдаушылық айтылып, Қазақстан азаматтық тұрғындардың жағдайын кішкене болсын жеңілдету мақсатында барынша көмек көрсетіп келгені және алдағы уақытта да бұл бағыт бойынша жұмысты жалғастыра беретіні жеткізіліп, әлемдік қауымдастықтың күш-жігері дәл осы бағытқа жұмылу керектігі айтылған.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА ЖОҒАРҒЫ ҰТҚЫР СУ-30СМ ЖОЙҒЫШ ҰШАҚТАРЫ
Next Article Еуразия университетіне көне Табғаш астанасынан өкілдер үйірмесі келді.

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201463

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.