Талдықорған қаласындағы авиациялық базаға Иркутск қаласынан (Ресей Федерациясы) 4++ буынына жататын Су-30СМ жаңа жойғыш ұшақтары келіп жетті. Бұл ұшақтар 7 мамырда Астанада өтетін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған әскерлер парадына қатысады.
ҚР Қарулы Күштерінің тарихында тұңғыш рет Қазақстан Әскери-әуе күштері екі орындық көп функциялы 4++ буынына жататын Су-30СМ жойғыш ұшақтарымен толығып отырғанын атап өткен жөн.
«Бүгінгі таңда ҚР Қарулы Күштерінің авиациялық паркі Су-30 СМ жоғарғы ұтқыр ұшақтарымен толықты. Бұл Қазақстан Әскери-әуе күштері жауынгерлік қуатының артқанын көрсетеді. Бұдан басқа, ұшақтың жоғарғы техникалық мүмкіндіктері ұшу құрамы даярлығының биік деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Су-30СМ ұшағы Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің қорғанысын айтарлықтай арттыра түспек. ҚР Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Назарбаевтың қамқорлығы арқасында армиямыз жылдан-жылға нығайып, әскерлерге әскери техниканың жаңа үлгілері келіп түсуде, әскери кадрларымыздың кәсіби шеберлігі артып келеді», — деп ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов атап өтті.
Ұшақ базадан елеулі қашықтықта тәулік бойы, ауа-райының кез-келген жағдайында, қарсыластың ақпараттық және атыспен қарсы әрекет етуіне қарамастан жауынгерлік міндеттердің кең ауқымын орындауға қабілетті.


