Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Америкаға алғашқы адамдар Алтайдан қоныс аударған
Жаңалықтар

Америкаға алғашқы адамдар Алтайдан қоныс аударған

12/09/20130

Ғалымдардың болжамынша, солтүстік және оңтүстік Америка құрлықтарында тұратын халықтар Алтай өңірінен қоныс аударғандардың ұрпақтары екен. Генетик мамандар жергілікті халыққа зерттеулер жүргізе келе, осындай қорытынды шығарып отыр.

«Жеті атасын білген ер – жеті жұрттың қамын жер», «Жеті атасын білмеген – жетесіз», «Тегін білмеген – тексіз» деген мақал-мәтелдер қазақ арасында жиі айтылады. Мұның астарында – түптеп келгенде қыз алысып, қыз беріскенде қан тазалығын сақтаудан туған үлкен тектілік жатыр. Тегіңді білудің басты артықшылығы осында деп білеміз.

Осы тұрғыдан алғанда, бүгінгі таңда қазақтың этногенезін зерттеу саласы мықтап қолға алынып келеді деп айтуға болады. Бүгін Мемлекет тарихы институтында өткен семинар-тренингте генетика саласын зерттеп жүрген жас генетик ғалым Айқын Асқапұлы қазақтың шыққан тегін анықтау жолында үлкен жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Жас ғалымдардың айтуынша, ұзақ жылдар бұрын жерленген мәйітті қай рудан шыққанын немесе жасы қаншада екенін де анықтауға болады. Бір айта кетер жағдай, адамның жерленген жері де зерттеу жүргізгенде үлкен рөл ойнайды екен. Суық және сулы жерге жерленген мәйітте ДНК ұзақ жылдар бойы және жақсы қалыпта сақталады, ал ыстық әрі құрғақ өлкелерде керісінше.

Сонымен қатар, ғалымдардың айтуынша қазіргі уақытта 400-ге жуық жас өз қаражаты есебінен қан тапсырып, өз тектерін білуге ниет білдірген. Бұл да біздің зерттеуімізге едәуір жеңілдіктер беріп отыр, дейді мамандар.

Ғабит ҚАРАБАЙ

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Орталық Азияда Қытайдың жаңа ойыны басталады»
Next Article Татардың әйгілі батыры Чура Нарықов Арғын руынан шыққан

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.