Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Сұхбаттар»«Орталық Азияда Қытайдың жаңа ойыны басталады»
Сұхбаттар

«Орталық Азияда Қытайдың жаңа ойыны басталады»

12/09/20130

   Ауғанстаннан НАТО әскері шығатын уақыт таяп келеді. Осы апта Бішкекте өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінде қауіпсіздік мәселесі басқа қырынан талқылануы мүмкін.

Қытай басшысы Си Цзиньпин (сол жақта) мен Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев. Бішкек,  11 қыркүйек 2013 жыл.

Қытай басшысы Си Цзиньпин (сол жақта) мен Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев. Бішкек, 11 қыркүйек 2013 жыл.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) жиынына Ресей, Қытай және Орталық Азияның бұрынғы советтік елдері қатысады. Азаттық тілшісі Рон Синовиц АҚШ-тағы Джорджтаун университетінің дипломатиялық мектебі деканының орынбасары, қытайтанушы профессор Джеймс Рирдон-Андерсонмен ШЫҰ саммиті мен Орталық Азиядағы геосаяси өзгерістер туралы сұхбаттасты.

Азаттық: 2014 жылдың соңында Ауғанстаннан НАТО әскері шығарылып, Ресей мен Орталық Азия арқылы Ауғанстанға НАТО әскері барған жол жабылады. Вашингтонның Мәскеуге деген көзқарасын ескере отырып, бұл оқиға Орталық Азиядағы геосаяси қарым-қатынастарға қалай ықпал етеді деп ойлайсыз?

Рирдон-Андерсон: Американың Ауғанстандағы әскери миссиясының аяқталуы мен НАТО әскерінің Ресей және Орталық Азия арқылы Ауғанстанға барған жолының жабылуы аймақтағы жағдайға әртүрлі әсер етуі мүмкін. Әскер шығарылып, жол жабылғаннан кейін АҚШ-ты Ресейге тәуелді қылған бір мәселе жойылады. АҚШ Ауғанстандағы әскерді осы тасымал желісі арқылы жабдықтау үшін Ресейдің қабағына қарап келген еді. Енді бұл жолдың жабылуы, яғни әскерді жабдықтау қажеттілігінің болмауы әлемнің осы аймағындағы  халықаралық саясатты өзгертеді.

Азаттық: Кейбір сарапшылар «бұдан соң Орталық Азияда  «жаңа үлкен ойын» басталады, оған АҚШ қатыса алмайды» деген болжамдар айтады. Бұл болжамға қатысты пікіріңіз қандай?

Рирдон-Андерсон: Орталық Азияда «жаңа үлкен ойын» басталуы мүмкін. Бірақ Америкаға одан гөрі Тынық мұхитының батыс бөлігі мен Шығыс Азиядағы теңіз жолдары маңызды болып тұр. АҚШ президенті Барак Обама Американың бұдан ары Шығыс Азияға көбірек көңіл бөлетінін айтты.

АҚШ-тың ендігі мүддесі — Парсы шығанағынан Үнді мұхиты арқылы Оңтүстік-Қытай теңізіне дейін қауіпсіз тасымал желісін қамтамасыз ету. Бұл — шынымен де назар аударарлық әрекет. АҚШ Оңтүстік Азиядағы ықпалын күштейткісі келеді.

Азаттық: Ресей Түркіменстан және басқа да Орталық Азиядағы бұрынғы совет елдерімен мұнай және табиғи газдың бағасы, оны тасымалдау туралы дауласып қалды. НАТО әскері аймақтан кеткеннен кейін Ресей Орталық Азиядағы геосаясатын қайта бағдарлайды деп ойлайсыз ба?

Рирдон-Андерсон: АҚШ-пен салыстырғанда Ресейдің Орталық Азияға қызығушылығы басым екені анық. Бұл аймақты орыстар да, қытайлар да назардан тыс қалтырмай бақылап отыр. Алайда Ресейдің батыс пен оңтүстіктегі – атап айтқанда, Белоруссия мен Украина және Кавказдағы ықпалы кеміп барады. Ресей негізінен осы аймақтардағы ықпалын күшейтуге тырысқан. Табиғи газды Украина арқылы Батыс Еуропаға жеткізуден Ресейге көп пайда түсетін еді. Севастополь арқылы Қара теңіз порттарына қол жеткізу де Ресей үшін өте маңызды мақсат. Бұл — Орталық Азиямен салыстырғанда айтарлықтай ауқымды мәселелер. Сондықтан Ресейдің қызығушылығы Орталық Азияға тіреліп тұр деп ойламаймын.

Азаттық: Осы аптада болатын саммитте Қытай көрші Орталық Азия елдерімен аймақтық қауіпсіздік мәселесін талқыламақ деген мәлімет бар. Бішкектегі ШЫҰ саммитінде Қытай қандай мәселелерді қозғайды деп ойлайсыз?

Рирдон-Андерсон: Қытайлар Шыңжаңдағы ұйғыр содырларының Пәкістанда дайындықтан өткенін айтады. Ол әскери базада Ауғанстандағы «Талибан» мүшелері мен басқа да экстремистік топтар жаттыққан. Ұйғыр содырларының Пәкістанда дайындықтан өтетіні Қытайды қатты алаңдатып отыр. Ауғанстаннан НАТО әскерінің кетуі бұл аймақтағы тұрақсыздық қаупін күшейтеді. Пекин үшін «стандардың» жақсы қасиеті (Орталық Азияның 5 елін айтып отыр – ред.) – бұл елдерде салыстырмалы түрде қатал авторитарлық режимдер орнаған. Онысы үшін Қытай бұл елдерді сенімді әріптес танып, ұйғыр бүлігі шыға қалса, шекара арқылы қару жеткізіп жәрдемдеседі деп сенеді. Ауғанстандағы биліктің, әсіресе Қытайдың Ауғанстан және Пәкістанмен шекарасындағы тұрақтылықтың әлсіреуі осы аймақтағы ұйғырларды қадағалауды да қиындатады.

Сұхбатты ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан.

azattyq.org

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleОралтай Хасен Қалибекұлы
Next Article Америкаға алғашқы адамдар Алтайдан қоныс аударған

Оқи отырыңыз...

ДЖОН ВАН ’Т ШКИП: «ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫҢ ЕСІГІ БАРШАҒА АШЫҚ»

12/08/20261

Берік Әбдіғалиұлы, саясаттанушы: Дәл қазір қазаққа нұрлы ақыл мен ыстық қайрат қажет

24/04/20151

«ҚАСҚЫРДЫҢ ҚАСҚЫРЛЫҒЫ ТІСІНДЕ ЕМЕС, ІСІНДЕ!..» (немесе Отпан таудың басында Көк Бөрі неге тұр?) Сабыр Адаймен сұхбат (үзінді)

22/04/20151
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.