Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Спорт»Давид Лория: Менің балаларым міндетті түрде қазақша білулері керек
Спорт

Давид Лория: Менің балаларым міндетті түрде қазақша білулері керек

24/04/20151

  • Давид Лория: Менің балаларым міндетті түрде қазақша білулері керекДавид Лория: Менің балаларым міндетті түрде қазақша білулері керек

  • Давид Лория: Менің балаларым міндетті түрде қазақша білулері керекДавид Лория: Менің балаларым міндетті түрде қазақша білулері керек

Футболдан Қазақстан премьер-лигасындағы «Ертіс» клубының қақпашысы Давид Лория «менің балаларым қазақша білуге – міндетті» деп санайды. Бұл ойын бізге де айтты, деп жазады «Алаш айнасы».
Жақында әлеуметтік желілердің бірінен тасқамал қақпашы Давид Лорияның «менің балаларым міндетті түрде қазақша білулері керек» деген сөздерін оқып қалдым. Орыс тілінде шыққан мақала екен.
Содан Давидті іздестіре бастадым. Өз аузынан естігім келді. Хабарласудың сәті кеше түсті. Давид шынымен де балаларының қазақша білгендігін қалайтынын шегелеп айтты:
– Иә, мен балаларым міндетті түрде қазақша білулері керек деп ойлаймын. Қазір оның еш қиындығы жоқ қой. Балаларым қазақ тілін тез үйреніп алады деп сенемін. Өйткені бұл біздің – туған жеріміз, Отанымыз. Ал біздің буынның қазақша білмеуі – әбестік, ғапілдік.
Мен ырза болғандықтан, «рахмет, Дато», – деп едім:
– Сізге рахмет, осыған көңіл бөліп, хабарласып тұрғаныңыз үшін. Ал маған не үшін, – деді.
– Қазақ халқын сыйлайтындығыңыз үшін, – деймін мен.
– Мұны сәл басқаша айтқан дұрыс шығар. Мен қазақтарды жақсы көремін, сүйемін…
Сіздерді білмеймін, мен Давидке дән риза болдым. Ақкөңіл, кішіпейіл жігіт. Етене араласып кеткен жоқпыз. Бірақ қазақ футболы «қазанында» аракідік ұшырасып қаламыз. Инабатты жігіт.
Қазақстан ұлттық құрамасының қақпасын қорғауды мәртебе санайды. Өкінішке қарай, тәп-тәуір өнер көрсетіп жүрген кезінде де, ұлттық құрама сапына алынбады. Сонда да налуды білмейді. Бәрі ішінде…
Түркияда ойнады. Абыройсыз болмағандай. Бірақ сонда да айналып қазақ футболына келе береді. Сонысы ұнайды. Құдды, бір «өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген қағиданы берік ұстанатындай…
Тамырында грузин қаны соққан, қазақтың Давид есімді жігіті – міне, осындай…
Сөз соңында, Давид Лорияға толағай табыс, ерен жетістік тілегім келеді. Өз әлеуетін толықтай жүзеге асырып, бағы жанып кетуіне тілектеспіз. «Біз үшін Ресейден келген голкиперлер емес, Давид – сен ең үздік қақпашысың» дегім келеді.
 

Автор: Нұрғазы Сасаев

Alashainasy.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleБерік Әбдіғалиұлы, саясаттанушы: Дәл қазір қазаққа нұрлы ақыл мен ыстық қайрат қажет
Next Article ҚАЖЫГЕЛДИН КЕЛЕ ЖАТЫР…

Оқи отырыңыз...

Қырғыз блогеріне жауап

06/09/20260

ҚФФ «БАТЫР ЖОЛЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІНЕ КІРІСТІ

17/08/20262

Қазақстандық балуандар Дортмундта топ жарды

17/08/20261
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201463

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.