Қытайдағы қандастарымыз бүгіннен бастап үш күндік тұңғыш кезекті Алтай аймақтық ұлттық өнімдерді көрмеге қойып сату жәрменкесін өткізбекші.
14 қыркүйектен 16 қыркүйекке дейін жоспарланған ұлттық өнімдер жәрменкесінде 6 түрлі топтағы 1200 түрліден астам ұлттық өнім көрсетілмек.
Аталмыш жәрменкеде органикалық өнімдер мен залалсыз өнімдер, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, мал шаруашылығы, балық шаруашылығы қатарлы салалардың танымал маркалы өнімдері, қызыл кендір, бұғы бағымшылығы, ара балы, шырғанақ қатарлы дәрілік өнімдер, ұлттық ерекшелікке ие әсемдік бұйымдар, қолөнер бұйымдары, кестелі бұйымдар мен азық ـ түлік өнімдері, ағаштан, теріден, сүйектен, ағаш тамырынан, тастан жасалған қолөнер бұйымдары мен саяхат естелік бұйымдары қатарлы өнімдері көргізбеге қойылмақ.
Аймедет Тоқсанбай
«Айтыс-ақпарат»



