Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Әдебиет әлемі»Ғалым БОҚАШ: Жас журналистерге бір кеңес
Басты ақпарат

Ғалым БОҚАШ: Жас журналистерге бір кеңес

17/08/20266
Galym BOQASH

27972663_10156001515344070_3066622057962273764_n

Пабло Пикассоның 11 литографиялық сызбадан тұратын “Бұқасына” қарап отырып бір жайтқа қайран қалам. Ең күрделі техниканы меңгеріп, көркем жанрда майлы бояумен картина салуды үйренген суретші ғана ең қарапайым (бірақ дәл) сызбалы скетч арқылы объектіні төрт-бес штрихпен анық бейнелейді. Және ол төрт-бес штрихі жас баланың шатпағы сияқты емес, композициялық жағынан кәміл дүние болып шығады. Ол қарапайым кемелдікке жету үшін әлгі суретші экспрессионизм, импрессионизм және кубизм сияқты түрлі мектептің тәсілдерін көкейіне тоқып, көзі мен қолын жаттықтырып алады. Сол себепті Пикассоның натурализм жанрындағы алып бұқасы да, символизм жанрындағы арық бұқасы да шынайы көрінеді.

Сөзбен сурет салу да осындай нәрсе. Көркем әдебиет оқып, классиктердің қолтаңбасын айыратындай деңгейге жетпей тұрып, мөлдіреген публицистикалық жанрды игермей тұрып, сөйлемдерді ойдың кең арнасымен селдете ағызбай тұрып, сөздің мәйегін ішпей тұрып, сөз қорын молайтпай тұрып, фразеологиялық тіркестер мен көмекші етістіктердің һәм аналитикалық форманттардың қолдану ерекшеліктерін, реңктері мен қисынын сезінбей тұрып, саяси процестердің сипатын, азаматтық қоғамның көңіл-күйін, әлеуметтік-экономикалық өмірдің тынысын танымай тұрып классикалық репортаж жаза қоям деу – тым жаман тыраштану. Былайша айтқанда аралас құрмалас сөйлемді күрделі мәтіні оңай оқылатын деңгейге жеткен автор ғана жұтынып тұрған жай сөйлемді қарапайым мәтін жаза алады.

Бұл заңды белінен басқысы келіп тұратын тыраш журналисті Пикассоның 11 сызбасының 10-ын елемей тек соңғы символизміне ұмтылып, “соны көшіріп салсам, сауатсыздығым білінбей қалады ғой” деп дәмеленетін дарынсыз суретшіге ұқсатам. Әлбетте, жаңалық жанрындағы ақпарат тілінің шаблондарын тасаланып, классикалық скетчтің штрихтарын мәңгі көшіріп өтуге болады. Бірақ әлгі сызба сауатсыз қолдан шыққан себепті түпнұсқасына тартпаған күйі жас баланың шатпағы болып қала береді.

Ғалым БОҚАШтың facebook парақшасынан алынды

kerey.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleКЕҢІСТІКТЕГІ КЕҢІСТІК
Next Article Президенттің Бенилюкс гамбиті немен аяқталады?

Оқи отырыңыз...

Нұралы батыр 1730 –1794

19/11/20263

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Детектив жанры қазақ әдебиетіне қалай келді және оның басында кім тұрды?  

06/10/20261
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201463

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.