Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Тұлғалар»КЕҢІСТІКТЕГІ КЕҢІСТІК
Тұлғалар

КЕҢІСТІКТЕГІ КЕҢІСТІК

15/08/20260
Кеудесінде кені бар, кең пішілген аға,ұлттың қамын қайрап, қайранына қайғырумен өткен секілді.Тұрсекеңнің сол бір даладай данагөй жанынан сая көрген жандардың бірі мен едім.Боз жусанның бұрқағындай бұлқына келетін түзем иісті абыз — ақыл, зау сеңгірден тау құдыретін сүйрей келіп, кілең нақылымен баурайтын — Ұлы қазаққа жолыққан күнім тіптен аз.Аз болса да сау уағыз тағынып, таңданып өткен һәм уыз жамылып ұйықтаған уақытым — сағыныш! Тайдың таңбасындай жып-жылы, ұлт сыналы дегдар лепелері күн өткен сайын құлыққа ұялайды екен… Әу, баста аңыз ағаның келісті кейіпін Сәкеннің тағдырымен бірге тапқам. Соңынан Керіөлеңнің кемерімен желемектетіп Бурхан-Халдун сапарында жүрген жерде Мағауин ағамнан еңселі «Хан» үзесіне тең егенің үзік-үзік елесті емістерін естіп, Кәкіш бабамның баһадүр ұлының бекзада бейне тұлғасын көруге еміне елтігенім есімде, асыққаным жадымды жалаулата береді әлі.Соңынан мені ұқтырған, қынадай жұқтырған Дәулеткерей інімнің абызға арнағандай ақөлең сыпатты желпері әңгімелері тіптен әсерлі-тін.Құдды салауатымен құмарыңа нұр себетін құдайы һақилық, өз ұлтын ғана өмірдің шырағданы етуге шыра жанын аптап жүрген абадан тұлғамен жолығуым өз жолында бір дәнек.Сәкеннің, Мағжанның додалы тағдырынан жөрмеген кедірсіз, не бір иірімдері өткел қиянын іздеп жүрген өренжілерге өмірлік бояу болғанын сезем.Шарапат деп, шағадан қоңыр самалды ғибрат деп осыны айт! Енжар биліктің ұтымсыз сөлекетігіне үйірген, шықпыртқан нәжегей жасын сөздерін де естіп, көріп қалып ем.Тағдырдың табанына жаншылып тұрған абыздың саналық қан табы — ешке дес бермеген һәм ешкімге ұқсамас ес тін секілді екен.Абыздың қантамырында жүгірген қалың қасиеттердің үдесіне Күн сепкен Күләш апам қандай сүткерім! Күліктің азуына күрт шайналған ауыздық демді абыз — Алтайы мен Арқасы арасындағы алтын жұртының арасан үнін ғалам түреніне қосумен келді. Алтайдың сере серектерін түйіп өтіп, түйдек-түйдек көксүңгі мұнар аунап келеді.Күз болыпты.Тұрсынбек Кәкіш ағамның ақ самайында сағат кеңісі желіп барады.Ешкімнен ықпайтын сұсты, сайысқа қайыстай, үбә шуақты, тұма тұман! Абыз тірі екен! Шүбәсіз.
Сұраған Рахметұлы facebook парақшасынан алынды
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚос тілден — бір тілге: мемлекеттік аппарат жұмысы қалай өзгереді?
Next Article Ғалым БОҚАШ: Жас журналистерге бір кеңес

Оқи отырыңыз...

Нұралы батыр 1730 –1794

19/11/20263

Детектив жанры қазақ әдебиетіне қалай келді және оның басында кім тұрды?  

06/10/20261

ЖАЗУШЫЛЫҚ ҰЛЫЛЫҒЫНА ҚАРАМАСТАН, ТІРЛІКТЕ ӨТЕ ҚАРАПАЙЫМ ЕДІ

03/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201463

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.