Жиында Өңірлік инвестициялық штаб мақұлдаған инвестициялық жобалар және оларды жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелер қаралды. Атап айтқанда, жер учаскелерін рәсімдеу, сәулет және қала құрылысы рәсімдерінен өту, сондай-ақ инженерлік желілерге қосылуға басымдық берілді.
Дархан Сатыбалды мемлекеттік органдарға туындаған мәселелерді жедел шешуді, әрбір жоба бойынша жауапты тұлғалар мен нақты мерзімді айқындауды, сондай-ақ қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды күшейтуді тапсырды.
Сондай-ақ, инвестициялық жобаларды қолдауға арналған цифрлық платформаның жұмысы талқыланды. Оны одан әрі енгізу, оның ішінде қаладағы әлеуметтік және стратегиялық нысандарды қолдау бағытында жалғасын табады.
Бұл жұмыс әкімшілік кедергілерді жедел жоюға, сондай-ақ Алматыда жаңа жобаларды жүзеге асыруға, өндірісті, инфрақұрылымды, туризм мен қызмет көрсету саласын дамытуға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Алматы қаласының әкімдігі facebook парақшасынан алынды



