Еңіреген ер еді
Әке балаға сыншы дегендей «осы ұлым өзімнен асып туған, ертең елдің басын оңайтын азамат болады» деп әкесі Зуқа игі жақсылар алдында ұл Сұлтаншәріпті мақтаныш етіп отырады екен, айтып айтпай Сұлтаншәріп адуын, рухты, сом денелі, алыпта беріпте шыдайтын, жомарт азамат болып ержетеді, ат жалын тартып міне ел ісіне араласып, өзінің адуын, ұсқындылығымен халқына қара би болып жұмыс атқарады, балуан, қамшыгерлігімен көзге түсіп арқандай арыстар мен жігіт сынақтарында көзге түсіп елінің қадырлы адамына айналады. Әкесі айтқандай өзінің соңынан ерген халқын азапбен, мазаққа қалтырмай Баркөл. Шыңхай, Гемалай астырып Түркия еліне қоныстандырып барып дүниеден көшеді.
Ақыл-парасатты, адуын мінезді, ержүрек батыр, қамшыгер әрі шешендігімен төңірегіне танымал болған Сұлтаншәріп әкесі Зуқаға көп ілескендіктен, даланың тұрмысына қанық, заңына жетік білімді азамат болып ержетіпті. Әкесі Зуқа айтқандай: «осы ұлым өзімнен аспаса кем болмас» деген үмітін ақтаған жаужүрек, парасатты болды.
Сұлтаншәріп барымта-сырымтаның бәріне де қайдан салсаң содан шығатын қырандай болып ержеткен кезінде 1927 жылы сол кездегі Мәнчиң үкіметі әкесі Зуқаның басын алған соң 1935 жылы 150 түтінді соңынан ертіп, Баркөл жеріне кетеді. Сол жылы 15-қазан күні Шонжы жерінде үлкен мал базарын ашып, халықты саудамен шұғылдануға насихаттайды. 1937 жылы мың түтін Шыңшысайдың өктемдігіне қарсы болып, еркіндік аңсап, Дұнхуаң өңіріне барып мекендейді. 1939 жылы Гәнсу, Чиңхай өңіріне қоныс аударса, 1948 жылы Баркөл жеріне қайта оралады. Алайда, 1951 жылы 40 түтінмен 180 жанды бастап, Гималай тауын асып шетелге өтіп кетеді.
Сұлтаншәріптің халықшылдығы, шешендігі, қысылтаяңда ақыл тапқыштығы жайында талай аңыз бар. Оларды Алла нәсіп етсе, келешекте шығатын «Сағыныш» романынан толығымен оқи аласыздар, себебі бұл кітабымыздың шектілігіне байланысты қысқаша таныстырулар арқылы марқұмның бірер аңызын еске ала кетуді жөн көрдік.

1935 жылдары Баркөл өңірінде тәйжі әрі уаң сайланған Сұлтаншәріпті үкімет өзін халықтың өзіне әдейі айдап саларын сезіп, Баркөлден Чиңхай жеріне ауып кетеді, 1948 жылы Сұлтаншәріпті Гоминдаң үкіметінің қалдық күштері Зәкария, Жүзбай, Ырғайбай (шаңия) қатарлылармен бірге жиын деп шақырып алып, оларға: «Ел қолындағы құралды, алман-салықты уағында жинамадыңдар» деп бастарын қатерге қалдырғанын, «көзеулі бірнеше адамның қолындағы мылтықты жинап, үкіметке тапсыруға уәде бермесеңдер, түрмеде шірітеміз» деп құқай көрсеткеннен соң көп ойланған Сұлтаншәріп бұл қысымға мақұл деп көнеді де, жау қолынан жолдастарын алып шығады. Сосын оларға былай дейді: «Енді бізді тар босаға күтіп тұр, менің бұлардың айтқанына мақұл дегенім, осыдан құтылған соң жанымды қолыма алып, енді бетімді еркіндікке бұрмақпын. Ерсеңдер ердіңдер, ермесеңдер өз жолдарыңды табыңдар» деген Сұлтаншәріп халқын жинап, топты ортада осы жолғы «жиын» деп шақырылғандағы жағдайды түсіндіре келіп: «Е, халқым-ай, Зуқа мен Сұлтаншәріп тұрса жау алмайды» деуші едіңдер. Енді міне менде: «Зәкарияны жұлып алма дауға, Жүзбайды созба дауға, Ырғайбайды қия дауға қойып, еліме үп еткен боран тигізбей, еркін өмірге жеткізсем деген едім. Мына тар заман барған сайын қыспаққа алып, мақсатқа жеткізер емес, сонда мен қайда еркіндік болса солай беттедім. Ілесер болсаңдар еріңдер, ерік өздеріңде» деп Гәнсу, Чиңхайды бетке алады. Осы жолы Нәнсан (оң түстік тәңір тауы) Қара тауында жатқан Қатпашаның үйіне арнайы келіп, аруақты ата-бабадан қалған қасиетті орданың босағасынан бір жаңқа алып кетеді. Сұлтаншәріп сол кеткеннен ежелгі түріктер асқан Гималай тауынан мың бір машақатты бастан кешіре жүріп, соңынан ерген елді аман-сау еркіндігі бар ел-жұртқа жеткізуге үдере тартады. Ақыры Үндістан арқылы Түркия еліне жетіп өмір кешеді. Содан 1954 жылы бұл дүниеден өтеді.

Ескерту:
Сұлтаншәріп аңсаған арманына жетті, ол елін Түркия сынды бейбіт елге жеткізіп барып дүниеден көшті, марқүмның өзі ойлағанындай ұрпақтары европаның көптеген елдеріне қоныстанып, өсіп – өніп. Бұл күнде бай – бақытты ғұмыр кешіп, ғылым, білім жолында оза шапқан азаматтар болып көзге түсіп, ата – баба өсиетін ада етіп отыр.
Байахмет Жұмабайұлы



