Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Руханият»…бір-ақ «мектеп» болу керек, ол мемлекеттік тілде оқытатын мектеп болу керек.
Басты ақпарат

…бір-ақ «мектеп» болу керек, ол мемлекеттік тілде оқытатын мектеп болу керек.

09/09/20261
— Мен «Қазақ тілі» қоғамының басшыла­ры­ның бірі ретінде жыл сайын бірінші қыркүйек қарсаңында «Қазақ мектептері жабылсын!» деген ұран тастап келемін. Ешбір елде, мәселен, Ресейде «русская школа», Өзбекстанда «узбек мактаби» дегендер жоқ. Болмаса, Сіз Парижде «француз мектебін», Лонданда «ағылшын мектебін» кездестіресіз бе?.. Сондықтан бізде де бір-ақ «мектеп» болу керек, ол мемлекеттік тілде оқытатын мектеп болу керек. Қалғаны іретіне қарай (ақылы, жексенбілік, факультетивті, т.б.) бола жатар…
Содан қазір Алматы-Астанда саңырауқұлақша қаптай бастаған ақылы, элиталы мектептер мәселесіне назар аудару қажет-ақ. Өйткені жоғарғы билік пен бизнестегі тасы өрге өрмелеп тұрған орысқолдылардың немере-шөберелері осы мектептерді бітіріп, күні ертең басымызға әңгіртаяқ орнатпауын ойлалық…
***
Мәселен, бірнеше жылдан бері сағызша созылып келе жатқан латын қарпіне ауысу мәселесін алалық. Құдайым-ау, Ахаңның жолына қалай ораламыз? Оның бірі араб қаріпті жазу үлгісі болса, екіншісі – латын текті жазу ғой! Отыз жыл мемлекеттік тілді дамытып жатырмыз деп есеп береміз, «пәлен жерде пәлен пайызға қазақшаландық» дейміз… Соның Сізге қандай пайдасы бар, қоғамға, туған тілімізге әсер, ықпалы қандай?!. Кеңестік кезеңді (бақандай 70 жыл!) айтпай-ақ қойдық, 30 жылда еліміздегі орыс мектебін бітіріп шыққан балалардың бірде-біреуі «екі» алып, мектеп бітіре алмай, болмаса «көше алмай» қалған емес. Бәрінікі – «төрт» пен «бес». Міне, қазақша тіл сындырмақ түгіл, қазақ тілінің «біссімілдасын» үйрете алмаған мұғалімдер қанша миллион айлық ақша алды, осылардың қаншасы «істі» болды?.. Қайран желге ұшқан миллиондар, құшақ-құшақ өтірік ақпарлар, қоғамды жайлаған көз бояушылық…
***
Мұның бәрі – қазақ тілі мен мемлекеттік тілді шатастыруымыздан. Ағайындар, екеуі екі басқа дүние ғой. Ал мемлекеттік тілді сол Парламент мүшелері, соттар, генералдар тәрк қылып жатса не істемек керек! Міне, қазақша айтқанда, артымыздың ашылатын жері осы. Егер, шындығын айтып, бар-жоғы жылма-жыл тұрақты түрде 2-3 пайыз нәтижеге қол жеткізіп отырғанымызда, бәріміз 30 жылда 60-90 пайызға жетер едік-ау…
Қазақ тілінің бағын байлап, тұқырту құралының бірі – аралас мектеп екенін де айта алмай, күбіжектеп, сылап-сипап келе жатқан жағдайымыз бар. Ащы да болса айталық, бұл – әлем алдындағы өте ұятты іс, отаршылдықтың нақты көрінісі, маңдамайымызға басылған таңба. Патша өкіметі Қазақ Даласына дендеп еніп, екі тізгін, бір шылбырды қолына алған кезде өзіне қолбала ғып жұмсап, тілмәш ретінде пайдалану үшін «Русско-киргизская туземная школа» дегенді ашып еді. Міне, осы ақ патшаның «жақсылығын» әлі күнге көріп келеміз… Тағы да қайталап айтқып келеді (оны дәлелдеп жатудың керегі жоқ!) «аралас мектеп» дегеннен құтылмай, қазақ тілінің бағы ашылмайды!
(С)
Тілтанушы, алаштанушы Ғарифолла ӘНЕС
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТоқаев вице-президенттің өкілетін бекітті
Next Article 28- қыркүйек. Оралхан Бөкейдің өмір есігін ашқан күні.

Оқи отырыңыз...

Нұралы батыр 1730 –1794

19/11/20263

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Детектив жанры қазақ әдебиетіне қалай келді және оның басында кім тұрды?  

06/10/20261
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201462

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.