Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Сұхбаттар»Болат Әбілев «қайта келемін» деп кетті
Сұхбаттар

Болат Әбілев «қайта келемін» деп кетті

19/09/20130
Болат Әбілев «қайта келемін» деп кетті

Оппозиционер, «Азат» партиясының жетекшісі Болат Әбілев саясаттан кететінін мәлімдеді. Азаттық тілшісімен әңгімелескен Болат Әбілев сатқындық пен өкініш, саясаттағы жетістіктері жайлы айтты.

Болат Әбілев «қайта келемін» деп кетті

Саясаттан кететінін мәлімдеген оппозициялық саясаткер Болат Әбілев Азаттық радиосына сұхбат берді. Алматы, 19 қыркүйек 2013 жыл.

 Айнұр ӘЛІМОВА

Бизнес пен оппозицияға жиырма шақты жылын арнаған адам саясаттан неліктен кетпекші? Осы және басқа да сауалдарға жауап іздеген біз Болат Әбілевтің Алматыдағы кеңсесіне аттандық. Ол журналистерді әдеттегідей галстуксыз, ашық түсті жейде және джинсы шалбар киген күйі қарсы алды.

Азаттық: Әбілев мырза, бүгін саясаттан кететініңіз жайлы мәлімдеме жасадыңыз. Себебі не?

Болат Әбілев: Уақытша кетіп бара жатқанымды бірден айтайын. Яғни біраз жыл өткесін жағдайды жаңа көзқарас, түсіністікпен саралай алатындай болып, жаңа күшпен міндетті түрде қайтып ораламын. Мен «қош бол» деп емес, «көріскенше» деп кетіп барамын.

Аялдап, жағдайды талдап, жан-жағымды барлап алғым келгендіктен бұл шешімді қабылдадым. Мен үшін өмір кезеңдерін он жылдық, бес жылдықтармен өлшеу әрдайым маңызды болатын. Мемлекет басшыларын, үкіметті, парламентті бес жылға, екі мерзімге текке сайламайды ғой. Бизнесте он жыл қарқынды жұмыс істедім. Он жылымды саясатта өткіздім. Ойлағанымның іске асқаны бар, аспағаны бар. Бірақ мен алға жылжығым келеді.

Қазақстан 1980-1990 жылдары, тәуелсіздік алған соң қандай болды, біз қандай болдық, нені армандадық деген ойлар жайында кітап жазу, фильм түсіру көптен ойымда жүрген идея еді.

Қазақстан 1980-1990 жылдары, тәуелсіздік алған соң қандай болды, біз қандай болдық, нені армандадық деген ойлар жайында кітап жазу, фильм түсіру көптен ойымда жүрген идея еді. Сюжетін жазуды үнемі кейінге қалдырып келдім. 2001 жылы Мәскеуде Тимур Бекмамбетов және Бақыт Қилыбаевпен кездестім. Үшеуміз қонақ үйде біраз отырып, көп әңгімелестік. Оларға 1990 жылдардың хикаяларын айтып бердім. Олар «мұны кино етіп түсіру керек» десті. Бірақ саясат килігіп, «Қазақстанның демократиялық таңдауы», «Ақ жолдың» шаруаларымен жүріп, бәрі кейінге қала берді. Қазір шығармашылықпен айналыссам, жоспарларымды іске асырсам деген ниетім мен тілегім бар.

Азаттық: «Іске асқаны бар, аспағаны бар» дедіңіз. Сіздіңше, саясатта неге жеттіңіз? Қандай сәтсіздіктерге тап болдыңыз?

Болат Әбілев: Жағдайды да, елді де өзгерте алатынымызды көрсете алдық. Президент пен парламент сайлауына қатыстық. Құдды, соңғы шайқасқа шыққандай күрестік, жеңістен үміттендік. Ондаған, жүздеген, мыңдаған, миллиондаған адам бізге дауыс берді. Адамдары иландыра білдік, олар бізге сенді. Бұл – біздің жетістігіміз. Дауыстарды санап, хаттамаларды қарағанымызда 50-80 пайыз жеңгенімізге көз жеткіздік.

Назарбаев «80-90 пайыз дауыс алдым» дегенде сенбеңіздер – өтірік. Барлық бюллетеньді заң бойынша текке өртеп жібермейді ғой. Өйткені ертең билік

Болат Әбілев. Алматы, 19 қыркүйек 2013 жыл.Болат Әбілев. Алматы, 19 қыркүйек 2013 жыл.

ауысып, бәрін қайта санағанда мемлекет басшысы мен парламенттің 20 жыл заңсыз жұмыс істегені ашылады. Түпкі мақсатқа жетпедік, парламентке кірмедік. Бірақ мен, достарым, әріптестерім бағдарламамызды халыққа түсіндірдік. Коррупциямен күрес туралы, биліктің ауыспалы екенін, сөз еркіндігі жайында айттық. Ең бастысы – бізді тыңдар халық болды.

Барлық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлауды талап еттік. Бірақ олар ауыл әкімдерінің жанама сайлауын өткізді. Бұл да – біздің жұмысымыздың нәтижесі.

Көптеген акция, жиындар өткіздік, жаңаөзендіктерге қолдау көрсеттік. Жеті ай тұрған мұнайшыларға бірде бір депутат, қоғам қайраткері, президенттің өзі барған жоқ. Мұнайшыларды біз қолдадық. Олар жуырда осында келіп, осы кеңседе отырып әңгімелестік, жұрт сол кезді естеріне алып, алғыстарын айтты. Ең маңыздысы – адамдардың сенім артып, қолдағаны.

Азаттық: Сыртыңыздан «оппозицияға Ақорда жіберген адам» дейтіні сіз үшін жаңалық емес болар?

Болат Әбілев: Қызғаныштан айтылған бос сөздер. Өз еркім өзімдегі адаммын. Ақорданың Болат Әбілевке ешқашан ықпалы жүрген емес. Президентпен кездескенде де мына сіздерге айтқанымды – «әділ сайлау, азат баспасөз керек» дегенді бетіне айтатынмын.

Алғаш депутаттыққа таласып, сайлауға түскенімде президентке, оның бағдарламасына сендім. Парламентке өттім.

Алғаш депутаттыққа таласып, сайлауға түскенімде президентке, оның бағдарламасына сендім. Парламентке өттім. Депутат болған кезде қандай мәселелерді көтергенімді қарасаңыз, өздеріңіз де түсінесіздер. Табысты заңдастыру туралы заңға қарсы болдым. Үкіметтен мұнай компанияларымен жасалған келісімдердің шарттарын көрсетуін талап етіп, премьер-министр Тоқаевты сотқа бердім. Ел астанасы Ақмолаға көшкеннен кейін гектар-гектар жерлер мен санаторийлар 10 миллион долларға сатылып кеткен соң, Алматыда қалған мемлекеттік меншіктің қайда кеткенін анықтауды сұрап президентке жаздым.

Азаттық: Болат Әбілев кеткен соң оппозиция қандай болады?

Болат Әбілев: Кезінде жұрт «Ленин мен Сталин (өзімді олармен салыстырмаймын) кетсе, күніміз қараң» деп ойлады. Сталин өлгенде әке-шешем жылаған. Брежневті, менің сүйікті т%D

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТұрсын Жұртбай. «Ұраным – Алаш!..». Абай романының қилы жолы (жалғасы)
Next Article Еуро-2020: Астана – үміткер қалалар қатарында

Оқи отырыңыз...

ДЖОН ВАН ’Т ШКИП: «ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫҢ ЕСІГІ БАРШАҒА АШЫҚ»

12/08/20261

Берік Әбдіғалиұлы, саясаттанушы: Дәл қазір қазаққа нұрлы ақыл мен ыстық қайрат қажет

24/04/20151

«ҚАСҚЫРДЫҢ ҚАСҚЫРЛЫҒЫ ТІСІНДЕ ЕМЕС, ІСІНДЕ!..» (немесе Отпан таудың басында Көк Бөрі неге тұр?) Сабыр Адаймен сұхбат (үзінді)

22/04/20151
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.