Ғасырлар даусын арқалап —
мұра боп жеткен Жетіген
Әр қандай іргелі елдің ірі руханый келбетін сомдайтын сүбелі жетістіктің орны бөлек . Міне содан ғибарат ; Сіздерге ұсынып отырған Қазақ елінде соңғы 25 жыл көлемінде ЖЕТІГЕНДІ – ЖЕТІЛДІРІУДІҢ не алуан ыстық – суығын бастан кешірген , еңбекқор музикатаныушы Нұргүл Бижанқызы ЖАҚЫПБЕКТІҢ осы саладағы табанды ғылмый жүмыстарының бұл жетістігі- Әлқамдуллаһый , Қазақ еліндегі тәуелсіздік таңы мен бірге қалыптасқан ұлттық музикамыздың мақтан тұтар бір жәңалығы болып саналады .
Міне енді 21 – ғасыр Түркі тектес елдердің өнер сүйрер қауымы үшін жетіген жеткізген музика мәдениетінің шынайы мәні мен сәні әлемнің бір тапай елін тамсандырған көне музика аспаптарының бірегейі болып қалыптасты . Инш-Аллаһ , Қазақ музика жасампаздығына ғасырлар қойнауынан ұлттық мұра болып жеткен – осы бір өресі биік өнер жетістігіміз өнер сүйгіш халқымызға қуаныш силап , бай қуатты отанымздың ашық аспанын күмбірлеген сұлыу күйге бөлей бермек демекпіз .
KEREY . KZ
Тарих қойнауынан не іздеп жүрміз, алға қойған мақсатымыз – айтпағымыз не деген сауалдарға тап боламыз. Иә, олай болса осынау бағзы заманда «Алаш – Алаш болғанда, Алаша хан болғанда », аталарымыздан қалған аңыздар , арғы заманның әні қалай басталған , ол әнді әдемі сарынға әуендестірген көне аспаптардан не білеміз – деп толғансақ; ескі дәуірдің көмескі тартқан қатпарынан біздің дәуірімізден 3000 жыл бұрыннғы Саз- аспаптар әлеміндегі Кифара және Лира қатарлы көп ішекті аспаптар, ежелгі Шумер елінде және Түркістан халықтарының байырғы мәдениетінен – ескі Хорезмде қолданғандығы туралы тарихи жазба деректерін кездестіреміз. Пазырық қорғанынан біздің дәуірімізге деиін 4-5 ғасырларда табылған екі ішект Арфа тектес музыка аспабы да тарихи жазба жұмысын қадағалаушылардың назарына ілікті . Бұлардың бәрі де өз алдына бір-бір кітаптың жүгі боларлық әлемге әйгілі жәдігерлер еді. Осыған мәндес тағы да бір музыка аспабы, ежелі Қыпшақ даласынан табылды. Атап айтқанда, бүгінгі Орта Азия аумағындағы айтулы қазба жұмыстары айғақтарына қарағанда, Қойқырылған – ескі қала қорына жататын қазба жұмыстарынан жоғарыдағы Арфа, Кифара тектес көп ішекті күй аспаптары табылуының өзі, халқымыздың ежелгі замандағы музыка өнерімен әуестенген мәдени құндылығынан дерек береді.
Заман озған сайын осынау музыкалық аспаптар мүсін жағынан жаңғырып жақсаруымен бірге, үндестік жағынан да үздіксіз дамып жетіле түскен еді. Осы саланы зерттеушілер әуел баста бұл құбылыстарды Арфа текті аспаптар деп атағанымен , кейін келе түр тұлғасы жағынан да , үнемі өзгеріп жаңалану арқылы қолдану жағынан да бір неше топқа бөле бастайды. Мәселен, тік ұстап ойналатын көп ішекті аспаптарды – Арфа тектес музыкалық аспаптар деп атаса , таяқшамен ұрғылап ойнайтын аспаптарды Цимбала тектес деп жіктейді. Міне, осылармен қатарлас , орындаушы алдына жатқызып саусақтарымен іліп ойнайтын аспап түрін Цитра текті музыкалық аспапқа жатқызады. Музыкатану ғылымы біздің Қазақ халқына тән музыкалық аспаптардың көне көздерінің бірі Жетігенді де Цитралық аспап деп есептейді.
Тарихтың арғы қойнауынан біздің заманымызға дейін, өзінің музыкалық аспап бола білу құндылығымен, адамдардың қолданысына айналған Цитралық топтарға жататын аспаптар шоғыры – Азияның әр қиырынан, өз халқының ұлттық әуенін насихаттауда әжептәуір озық жетістіктерге жетіп отырған . Атап айтқанда, Азияның Цитра тектес аспаптары шығыстық бояуы қанық әр алуан әуендерін ғана емес, классикалық шығармаларды да жетік орындайтын толық қанды музыка аспабы екендігін байқап білген. Әсіресе Азия аумағында, Жетігенге ұқсас, әуені жағынан сарындас аспаптар , өзінің музыка әлеміндегі айтулы аспап екендігін әйгілеген көп ішекті аспаптар санатында Қытайда – Син , Жапонияда – Кото , Короияда – Киягм , Ветнамда –Таншан , Моңғолияда- Ятка деген атаулармен ол елдердің музыка өнері саласында қолданыста жүр. Әлемдік музыка тану ғылымы, осынау көп ішектілерді сырымен сипатына қарай зерт ете отырып , түр тұлғасы мен әуендік сәйкестігі жағынан салыстыра зерттей отырып, Түбі бір Түркі дүниесіне тән бұларды ,Түркі халықтарының төл музыка аспаптарына жататындығы анық байқалады деп тұжырым жасайды . Ал осы аталған аталас аспаптар мен тарихы сабақтас Жетігенде 9 – 10 – ғасыр аралығында Моңғол үстіртін мекендеген Меркіт , Мұңғыл қатарлы ірі Түркі тайпалар арасын да кең тараған саз аспабы болып саналды . XII ғасырдан кейін Моңғол үстіртін мекендеген тайпаларға тағдыр болған не алуан сойқанды соғыстар мен әр қыйлы шапқыншылықтан туындаған тұтас аймақты ата қонысын тастап, жер ауа көшулер мен аумалы- төкпелі ала шапқын айқастардан кейін үстірттен кетіп, басқа өлкелерге мекен тепкен Түркі тайпаларының жоғалтқан рухани құндылықтары да бір талай еді. Алайда, бірталай заман өзгерістерін де осы халықтың қол үзбеген бір асылы , көпішекті шертпелі аспаптарын жоғалтпай сақтап қалуы арқылы, көшпелі тайпалардың музыка жәдігерліктеріне мүрагер бола білді. Бұл тұрғыдан көне аспаптарды жасау мен ойнай біліу сақтап қалу арқылы, көшпелі тайпалар музыка жәдігерлігіне мұрагер бола білді . сондай-ақ , ежелгі аспаптарды заман озған сайын, байрғы қасиетінен оздырмай да тоздырмай бүгінге дейін жеткізген халықтар арасында, әсіресе Хакастың – чатханы. Тувалардың – Чадаганы, Тофалардың – Чаттыганы, Қазан Татарларындағы – етиген, Башқұрттарда – Чанза аспаптары да ұмыт қалмады. Осы шақтарда ежелгі Алтайлық тайпалар да өздері , бір кезде қолдарынан тастамаған ішекті аспаптарын бірте-бірте ұмытып, кейін қолданыстан мүлдем шығарып алды. Дегенмен, көшпелі Түркі тайпаларында қалыптасқан осы саз аспаптарынан, моңғол халқы арасында Ятага аспабы біржола тұрақты дамып, осы заманға дейін моңғол халқының кемелденген көп ішекті музыка аспабы болып қалыптасты . Шығу тегі бір болса да, даму барысы әрқалай болған Азиялық көпішекі аспаптарының өмір- баяны осылай қалыптасқан еді.
Міне , осынау тарихы сабақтас көпішекті музыка аспаптарының байырғы иелері мен саз және сазгерлік тарихын түбіне дейін қазбалап айтпасақ та, біраз сөзбен алыстан басталған Ата- мұралардың жайі мен жағдайын сөз еттік.
Ендігі айтар сөз –Қазақтың қара домбырасымен әуендес, кең- байтақ сары даланың сырға толы көмейі болып сарнайтын сар-шеген қобыздары мен сарындасы болыған сайын даланың күміс үніндей , Жетігеннің – сабыры мен салтанаты жарасқан, сарайлы көштің көсегесін күймен тербетіп – әуенмен сурет салғандай, кешеден жетті бүгінге, Жетіген атты желмаям деп, XIX ғасырға ойысайық.
Иә , біз бастан кешірген өткен ғасырдың ортасына дейін, Алаш ұранды Қазақтың алғашқы астаналарының бірі болған Омбы мен Орынбор да және Арыстанхан да (Астрахань) , оң-тұстық жағы Еділ мен Жәйық бір сағағы Шілбі (Шлиябнск) шегіне дейін Қазақ даласындағы не алуан әуендерді әспеттеп, күйлерін күтімге алған «қалың елім – Қазағымның » Етиген, Ятыга , Етиген, Елтаға , Жаттыган (жатаған ) атты көп ішекті саз аспаптары мен әнге әуез жарастырғандай еліктеуден елі үшін енші бөліп алатын сауықшыл қауым болғандығын , Орыстың таяу заманғы тарихшылары мен саяхатшылары Шоқан төре – Уәлихановтың жазбаларынан бұл нұсқалар өз дәуірінде-ақ жаңалық ретінде мойындағанын анық білеміз. Әрине, әрқандай саз аспаптың ғұмырнамасына тән өсіп өнген ортасы- да болады . Саз аспап зерттеушілерінің пайымдауынша , көп ішекті аспаптар ежелгі Шумер және Азия елдерінің хан сарайларын да тыңдаушыларын рахат сезімге бөлей отырып , Аата –бабаларының рухымен сырласқандай әсер қалдырыуда , әр ішектің іліп қана шығаратын ілгі дауысынан тәкәппарлықты , ақсүйектерге тән менмендікті бойларына сіңіріп, әуенімен әлпештеген музыка дәстүрін қалыптастырған болса керек . Яғни, әрбір ішектен ақырын шыққан әсем үн ырғақтары , жан тебірентер сұлу әуендері тыңдарманына көк пен жерді адам жаны мен тәбиғат дүниесін тілдестіруші ретінде әсер қалдырған . Сол сияқты, Түркі халықтарының көп ішекті аспаптарының да аңыз аңгімелерін де жазылғандай көкіректегі сағыныш сезімдер мен ішкі сырынды күй етіп тартумен тыңдаушының құлағының құрышын қандырып , жақынынан айырылған жандардың жан жарасын жазып , «Ақсақ құлан» күйі айтқан мұң зардай адамдардың өмірге деген құлшынысын арттырған. Біздің халыққа Ата- бабалардан қалған «Мәдени мұраның » құндылығына жататын Жетігенмен желпінетін күйлер аз емес .
Ұлттық ой- сананың көсегесін көгертеін көсем туындылар арқылы Жетіген қалыптастырған Моңғлдар мен Меркіттер қалыптастырған саз аспаптар мәдениетімен қанаттас Азиялық қауымның мәдениттегі жетістігінің бір саласы осы болса енді бір иесі Шумер халықтарына тән музика әлемі деп жүргеніміз де ырас. Ал оның руханй киесі көшпелі Түркі елдері болса керек .Бұл жағын жоғарыда аз кем сөзде еттік .
Ендігі сөздің кезегі , қайта оралған саз аспабы – Жетігеннің болымыс бітіміне сырдесте туған халқы мен қалай қауышқаны туралы 19-ғасырдағы орыс саяхатшылар П. Паллас, И. Георги, Б. Рычков қатарлы зерттеуші ғалым саяхатшлардың жазба деректеріне жүгіне отырып , Қазақтың ғасырлар қойнауына сіңіп кеткен Қазақ көшпелі түркілердің көне замандағы көесем аспабының өз халқымен қауыштыруда этнограф –ғалым Сарыбаев Болат ағамыз алғаш рет осы Жетіген аспабын 1965- 66 жылдары отанға қайта оралыуына қаламгерлік тұрғыдан пәрменді еңбнк сңірді . Сайып келгенде, жүз жылға жуық қолданыстан қалып, ұмытыла бастаған Жетігенді халқына қайтаруда, Б. Ш. Сарыбаевтың еңбегі келер ұрпақ үшін бір шама құнды дүниеге айналды . Ал Жетіген үлгісін саз аспаптар шебері – О . Бейсембаевпен біріге құрастыра отырып, үнін шығару үшін құлақ күйін диатоникалық бұраумен келтіріп , алғаш 13 ішекті етіп шығарып, кейін келе аспапты дамытып , жетілдіру үшін ішек санын 22 ге дейін көбейтіп Жетігеннің бірнеше үлгісін жасауға талпынды. Осы үлгідегі Жетігенді орындаушыларды сахна төріне шығарып , дәстүрлі ән-күйлерді шебер орындап, халқына көне аспаптың көркем үнін сыйлады . Жетіген дауысын алғаш насихаттап тыңдарман алғысына бөленген орындаушылар Талғат Сарыбаев, Еділ Құсайынов, Сәуле , Шахбану Қылышбаева қатарлы өнер иелері еді. Әрине өнерге кәсбй тұрғыдан келуде Жетігеннің қайта түлеген қайырлы заманын да осы жолдардың авторы мен де аталған аспаптың алғашқы орындасушыларының бірі болғанымды мақтаныш етемін.
Сайып келгенде өнертаныушылар мен өнер — сүйер қауымға белгілі болғанындай Жетігенді жетілдірушілердің Біршама жәңа репертуарымен ғасырлар қойнауынан қайта оралған ежелгі музика аспабы ретінде халқына таныла бастаған Жетігенге өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының соңында отандастардың қызығушылығы арта түсіп, сұраныс көбейе бастады. Орындаушылар көбейіп, аспап репертуары жаңартылған сайын, Жетігенде жеке сольдық орыындау мүмкіншілігі азайып, кедергілерге тіреледі. Бұл тығырықтан шығыуда көп жыл ұмыт қалған ұлттық аспабымыздың түпнұсқасы Түркі тектес мәдениеті тамырлас халықтар арасында өзгеріссіз сақталып келгендігіне байланысты , осы аспаптың құлақ бұрауы мен ойналыу әдістерін қайта жетілдірілген Жетігенге лайықтауға болатынын Б. Ш. Сарыбаев өз еңбегінде айқындап , бүгінгі ұрпақ мына біздерге тапсырып кеткен еді . Аталған аспаптың әр алуан тұқымдас үрлеріне шынайы ден қоя жүріп , ахырығы үндестік сарынын зерттеп , Жетігеннің қалыптасу барысына ескі әдістерін жаңғыртып , орындаушыларға дұрыс жол сілтеп бағдар берген өнер зерттеушісі , белгі күйші Абдулхамит Райымбергенов болатын. Аспап осыдан бастап жаңа қырынан ашылып, көптеген орындалып жүрген күйлер мен әндерді жеке орындауға ылайық мүмкіншілігінің мол екендігін көрсете алды. Репертуарымыз байыи түсіп , орындаушылары да көбейіп , фольклорлық ансамбльдер мен оркестр құрамын да сүйемелдеуші аспап ретінде де жеке сольдық орындаушы ретінде де кеңінен қолданыла бастады.
Сондай – ақ фольклорлық аспаптар мен қатар Жетігенді насихаттауда күй өнерінің көрнекті көсемі Н .Тілендиевтің өз қолымен құрған Отыр сазы оркестрін айырықша атай отырып , менмен зхамандас сазгерлер легінің тер төгіп еңбек етімен қалыптасқан ; Шертер, Сазген, Адырна, Мұрагер қатарлы фольклорлық- этнографиялық ансамбльдердің өткен ғасырдың 1985 – жалдарға дейін әсіресе 1992 жылдарынан бастап сіңірген еңбектері орасан зор екені талассыз шынындық еді . Сыры кетсе де сыны кетпеген Атам- заманғы асыл мұра аспаптарды , сол жылдардан бастап халқымздың рухани игілігіне қайтарыу арқылы жалғасты дамытып келе жатқан ансамблдер жетекшлері мен белді мүшелерінен Ықылас Нұрғалиев, Самат Мәлімбай, Бағдат Тілегенов, Зәмзәгүл Ізмұратоваларға Жетіген қатарлы көне аспаптардың киелі қасиетінен және өнер- сүйер ұлтжанды халқымыз атынан мол алғысы айтамыз .
Сондай-ақ , осы фольклорлық өнер ұжымдарын құрып қатарға қосуда халықтың этнографиялық білімін жандандыруда , Мемлекеттік тұрғыда бағыт- бағдар сілтей жүріп, отандастарымыздан жақсы пікірін қалыптастырған көрнекті қоғам қайраткері , әрі көрнекті мәдениеттанушы- ғалым Өзбекәлі Жәнібеков есімін де үлкен құрметпен атаймыз. Осы тұрғыда , ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Қабиден Тұяқаевтың да фольклорға қатысты жүйелі еңбегініңде көмегі тиген еді.
Айтар сөз аялдар ойымызды тиянақтар болсақ , соңғы отыз жылда Жетіген аспабын шеберлікпен мәнерлеп орындаушылардың да Жетігенді жетілдіруде еңбек сіңірген өнер зерттеушілер мен аспапқа қамқорлық пен көмек қолын созған шебер ұсталардың да еңбегі ақталып, Жетіген – елдегі көрнекті концерт сарайларындағы – ән әлемінің әуенді аспабына айналды . Сондай-ақ Қ Р – дағы музыка мәдениетіне мүдделі мекемелер мен оркестрлер , атап айтқанда Қазақ елінің әлемнің бір талай елдеріне аты танымал кәсіпқой музыка топтарынан Жетіген үні жиі естіле бастады . Бір жылдары біреу білсе біреу білмейтн Жетіген мұражайлық қойылым (экспонат ) сияқты көрінуші еді. Енді міне, қазақ елінің қастерлі саз- аспабына айналып келе жатыр. Бұл күні Жетігенге халық алғысы мол, әсіресе мектеп қабырғасында жүрген жасөспірім балалар болашақта Жетігенде ойнап, Сазгер болсам екен деп армандайды. Мисалы К .Бәйсейітова және А .Жұбанов атындағы дарынды балалар музыка мектептері, Қазақстан да алғаш рет көне аспаптардан факультативтік класстар ашып , шәкірттерді осы бір мәртебел өнерге талпындыра бастады. Сондай –ақ, Жетіген аспабы мен конкурс , фестивальдық сайыстарға түсіп, жеңімпаз болған шәкірттердің осы өнерге қызығушылығы өсе түсіп , ұстаздарына шексіз алғыстарын жаудыруда . Осы орайда , Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының фольклорлық аспаптарды қалыптастыру жолындағы оң жұмыстары да отандық музыка мәдениетінің жетістігі болып саналуда. Халық аспаптар бөлімі деканы – профессор Кәрима Сахарбаева жетекшілігімен еліміздеі жоғарғы музыкалық білім ордаларында , студенттерге Жетігенді мамандық ретінде дәрісханаларда оқытылатын болды. Соңғы жылдары Жетіген беделін биік белеске шығарған белгілі әнші Қарақат Әбілдина осы салада өзіндік қолтаңбасын қалпт астырыу жолында яғыный Жетіген мен ән айту өнерін қалыптастырудың алғашқы жолын қалыптастырп соңынан көптеп жастарды ілестіре бастады . қазіргі кезде Жетігеннің екі түрі практикаға енгізілді . Яғни көне әуендер дәстүрін сақтап орындалатын кварта-квинталық және Б. Сарыбаев үлгісімен жасалған жаңа хроматикалық бұраудағы аспап. Жетігенді Түркі халықтарының көп ішекті аспаптары мен салыстыра отырып , үлкен ізденіс жүргізіп жасап шығарып жүрген музыка ааспаптар шебері Нұрлан Абдуллаұлы Абдрахманов . Оның жасаған аспаптарының ғылымй толымдылығы мойындала жақсы қырынан толық мойындалыды . Дегенмен музика өнерінің дамыуы барысында, аспап толықтырулар мен біршама өзгерістерге ұшырауы да бек мүмкін . Бірақ болашақта осы мұралардың жетыліп қатарға қосылыу барысын қастерлеу тұрғысынан – түпнұсқа болған осы аспаптардың ғылмыйлғы негі болып саналады . Сондықтан орындаушылар мен алғаш үйренушілер осы екі нұсқада берілген ойналу жолдарын батыл да шынайы ден қойып үйренуіне болады бұл бір.
Екіншіден Музыкалық аспап қалпымен халқының рухани құшағына кіріп келе жатқан Жетіген біржола кірлігіп , Қазақтың барлық ән- күй, әуендерімен бірден біте қайнаса қоймағаны да рас. Мұның басты себебі Жетігенге кез келген ән – күйді күштеп енгізіп , зорлап орындата алмайтынымыз да шындық . Себебі Жетігеннің өз тәбиғатына етене байырғы репертуарлар бізге жетпей не алыуан алакөбең қоғамдық тарихый өзгерістер тұсында ұмыт қалғандықтан, басқа аспаптардың ноталарын Жетігенге өте сақтықпен қабстырп та табыстырып жатқан жәйіміз бар. Дегенмен әр күйдің өз тәбиғатына тән аспабы болатындықтан көптеген шығармаларды орындауда , Жетігеннің мүмкіншілігі көтере бермейді. Алайда қалыптаса бастаған тәжірибелер мен санасатын болсақ , Құрманғазы , Тәттімбет , Дәулеткерейлрдің кей бір күйлерін Жетігенге үйлестіру үрдісі сәтті болды . Сондай-ақ , өр- Алтайдағы Керейлердің бір талай ескі сарындары мен Боғда асқан Баян – өлке қазақтарының мамыражай да маңғаз мінезді ескі әуендері, Жетігенге әжәп тәуір жымдаса кететіндгі байқалады . Алайда , бұл аспапқа оинақы мінезбен желдіре жөнеліп төкпе сарында орындалатын айғай- сүреңге қоңсылау әуендер мүлде сәйкесе бермейтін сяқты . Жетіген көңілді де көтеріңкі мінездің , дарылдаған төкпе туындылардың қолы емес. Міне сондықтан бұл аспапқа репертуар таңдауда , тек фольклорлық жанрдағы халықтық мамыражәй оилы әуендерді таңдап , үйлесетінін енгізіп жүрген жәіміз бар .
Үшіншіден ; Жетілдірілген Жетігенің хроматикалық репертуарын байытуда, күрделі шығармалар негізінен – Арфа, Гусли, Гитара және Азия елдерінің көпішекті аспаптарына арналған шығармаларнан да үйлесімді ноталарынан алынып, жақсы үйлесім тапқан да ғана шығарма шырайы ашылып , саз үндестігі өз деңгеиінде ұйқасты күй бола алады. Ал , домбыра , шертер , примаға арналған күрделі шығармалар Жетігенде үйлесім таба алмай, орындау мүмкіншілі жетпей қалады . Жетігеннің өз орындау ерекшелігі мен шығарма үндестігі дұрыс пайдаланып , табиғатын ашатын шығармаларды таңдай білу ескерілуі тиіс. Осындай сырлары мен сипаттарына байланысты , Жетіген жаратылысына ылайық музыкалық шығармалар жазатын жас толқыннан жақсы композиторлар шыға бастады. Атап айтқанда, Ж . Әділов пен Б. Бекмұхамбетов қатарлы ізденімпаз жастар Жетігеннің ерекшеліктері мен дыбыс мүмкіндіктеріне үйлесетін күрделі туындылар жазып , Жетіген аспабының көзайым жаңалығы ретінде , ұлтымыздың бір кезде ұтылып қалған өнердегі ұпайымызды қайтарып әкелуге өз үлестерін қоса бастады . Жетігенмен дуэт , трио , ансамбль жасап орындаушылар үшін оның дыбыс үндестігі қазақтың төл аспаптарымен қатар скрипка, гобой , флейталарымен жақсы үйлесім тауып , оларды сүйемелдеуге шамасы молынан жетеді.
Жетігеннің осы ерекшеліктері мен орындау мүмкіншілігі ескеріле отырып, оқулыққа үш бөлімнен тұратын репертуар жинағы енгізілді . Бұл орындаушыларға репертуар таңдауда және нота жазу үлгісін көрсетуде нұсқаушы құрал ретінде көмек көрсету үшін арнайы жасалды . Жаңадан үйренем деушілерге көмегі болса екен деп көп жылдық сынақтан өткен-практикалық еңбегімнің тәжрибелері арқылы және Азия аумағы мен Түркі елдерінің көпішекті аспаптарын салыстыру жолындағы ғылыми ізденістерімнің нәтижесінде жиналған барлық орындаушылық әдістерімді іс-жүзіндік қолданыста пісіп жетілді -ау деп саналған нүсқаларды жазып ұсындым . Қолданылып жүрген Жетігеің тағы бір түрі , жаттығуға арналған Жетігнге арнайы тоқталуды жөн көрмедім . себебі ол аспап түрі, жалпылама үйренем деушілерге арналып шығарылған . Сондай-ақ негізгі ойналу тәсілдерін бір ізге сала отырып, Жетігеннің бір шама жетілген кәсіби шеберлікте сынақтан өткен екі аспапты паидалану қажет деп осы нүсқаларды қоса ұсындым .
Сайып келгенде , Жетіген жеткен деңгейдің қазіргі қадірін жете түсініу – Отандық өнерге деген ұлттық мақтанышымыздың өлшеміне тән өнегелі өмір салтымыз болмақ . Бізден кейінгі жас толқын , жалынды ұрпақ , біз бастаған Атадан қалған Мәденй мұраның жарқын болашағын жалғастырыу жолында — жемісті еңбек ете беретініне үлкен сеніммен үміт артамын.
Нұргүргүл Жақыпбек
Құрманғазы атындағы Ұлттық консервоторияның аға оқытушысы.
Жетігенді жетілдіру саласы бойынша музыкатанушы .
Қ Р , Алматы қаласы .


