Даяшы Қара қағанның алдына үлкен құм күбіде ашытылған Табғаштың «Пиепэй» арағын әкелді. Қара қаған кезінде Тайзоңның қол астында – Чан-Аньда тұрған кезінде мұндай арақтың дәмін алып қалған еді. Бұл арақтың тағы бір аты табғашша чоужью, түрікше кіршіме еді. Енисей қырғыздары оны боза дейтін. Түріктер оны таңды таңға ұрып ішетін. Табғаштар түліс түріктерін бағындырған кезде бұл арақты өздерінше мәнерлеп, жабысқақ күріштің дәнінен жасайтын болған. Бірақ ол түріктерше тарыдан жасалған божымаға ұқсамайтын. Тым жуас, адамды тез мажауратып тастайтын. Ал түріктердің бозасын ішкен кісі желпініп, қылаң ұрып отыратын. Сөйлесе алдына жан салмайтын. Бойына күш-қуат жинайтын. Сондықтан табғаштар да оны жақсы көретін. Тайцзи сарайындағы…
Автор: admin
Украина Жоғары Радасының депутаттары көпшілік дауыспен ел әскерінің санын үш есеге, яғни 250 мың адамға көбейтуді қолдап дауыс берді-деп хабарлайды азаттық радиосы. Президент Петр Порошенко ұсынған заң жобасын 423 депутаттың 270-і қолдаған. Радикалдар партиясының жетекшісі Олег Ляшко ұсынысты дауысқа салар алдында «Кімде-кім ұсынысқа қарсы дауыс беретін немесе қалыс қалатын болса, ол — Путиннің агрессиялық саясатын қолдаушы» деп мәлімдеген. Жаңа заңға сәйкес, Украинада екі операциялық орталық, 11 бригада, төрт полк, 18 батальон, 16 эскадрон, 13 взвод құрылуы тиіс. Заң президент Петр Порошенко қол қойғаннан кейін күшіне енеді.
Кездесу барысында А.Дауылбаев Мемлекет басшысына құқық қорғау органдарының қызметі, сондай-ақ халықтың әлеуметтік әлсіз топтары мен кәсіпкерлерді қорғауды күшейту жөніндегі тапсырманың орындалу барысы туралы баяндады-деп хабарлайды ақорда баспа сөз қызметі. Елбасы президенттік сайлауға әзірлік пен оны өткізу кезеңінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қордан экономиканы қолдауға бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қадағалауды одан әрі күшейтудің маңыздылығын атап көрсетті. Мемлекет басшысы бизнес субьектілерін заңсыз тексерулердің саны 6 есе қысқарғанына тоқталды және кәсіпкерлер құқығының мүлтіксіз сақталуын бақылауды одан әрі қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар Қазақстан Президенті азаматтардың еңбек құқығын, әсіресе еңбекақы төлемдеріне қатысты құқықты қорғау қажеттігін айтты. Бас…

