Автор: admin

Суперкубокты алматылық «Қайратты» пенальти нәтижесі бойынша жеңген елордалық «Астана» командасы иеленді. Мемлекет басшысы ойынға қатысушыларға табыс тіледі және жеңімпаздарға Суперкубокты табыс етті-деп хабарлайды Ақорда баспа сөз қызметі. Жарысқа Швециядан шақырылған Й.Эрикссон бастаған төрешілер тобы төрелік етті. Футболдан Қазақстан Суперкубогы үшін жарыс 1995 жылдан бері өтіп келеді. Кезекті футбол маусымын ашатын жарысқа чемпионат жеңімпазы мен өткен маусымдағы Кубок иегері қатысады.

Read More

Борис Немцовтың қазасына қатысты істі Ресей құқық қорғау мекемелерінің ең жоғары лауазымды тұлғалары жеке бақылауына алып, тергеу жүргізіп жатыр. Ал қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ресейлік маман Андрей Солдатов «өлтіргендер ешқашан жазаға тартылмайды» дейді. Борис Немцовты ақпанның 27-сі күні Мәскеудің түрлі камералар арқылы жан-жақтан бақыланатын ең қауіпсіз аймағында, Кремльдің дәл іргесінде атып кетті. Agentura.ru веб-сайтының редакторы, Ресейдің арнайы қызметі туралы бірнеше кітаптың авторы Андрей Солдатовтың айтуынша, [Борис Немцовты өлтірген] қылмыскерлер ешқашан жазаға тартылмайды. – Біріншіден, «ликвидация» деп аталатын бұл сияқты операцияларды мұндай жоғары деңгейде жүзеге асырмағалы көп болды. Екіншіден, тапсырыспен кісі өлтіру түгілі төменгі жақта жасалған осы сияқты қылмыстардың өздері ашылмай жатады.…

Read More

  Шаш ал десе, бас алатын полицейлер астаналық Жандос Құрманбаевқа 400 000 теңге айыппұл салуға хаттама толтырыпты. Өйткені Жандос Генадий Головкиннің жеңісінен кейін өз үйінің балконына мемлекеттік туды іліп қойған екен. Сондағы құзырлы орган қызметкерлерінің таққан айыбы заң бойынша мемлекеттік символды қолдану ережесін бұзған-мыс. Міне, масқара. Астана әкімдігінің ішкі саясат басқармасының сараптама, бақылау және әдістемелік жұмыс бөлімінің жетекшісі Гүлжан Елубаева айыппұлдың заңнама аясында салынғанын осылайша түсіндіріп отырған көрінеді. Оның айтуынша тұрғындарға «Мемлекеттік символдарды заңсыз қолдану» бабы бойынша 200 АЕК көлемінде айыппұл салынуы тиіс екен. Заңнамалық түрде бекітілген белгілі бір ережелер бар», — дейді Елубаева. Ал, Заңда Қазақстанның Мемлекеттік туын өзге…

Read More