Ресейлік оппозициялық саясаткер Борис Немцовты ақпанның 27-сі күні кешкісін Мәскеудің орталығында белгісіз біреулер ту сыртынан бірнеше рет атып өлтірді. Тергеушілер бұл қылмысқа байланысты жасап отырған бірнеше болжамның арасында «елдегі саяси жағдайдың шырқын бұзуды көздейтін арандату» деген долбар да бар. наурыздың 1-і күні Мәскеуде Борис Немцовты еске алуға арналған қаралы шеру өтеді.наурыздың 3-і күні Мәскеудегі Сахаров орталығында өтеді. Борис Немцов 1959 жылы қазанның 9-ы күні Сочи қаласында туған. Ол Ярославль облыстық думасының депутаты, «Солидарность» қозғалысы жетекшісі, «РПР-ПАРНАС» партиясының тең төрағасы, Ресей оппозициясы үйлестіруші кеңесінің мүшесі болып келген. Ал ертеректе Нижегород облысының бірінші губернаторы (1991-1997жж.) ретінде танылған тұлға. 1998 жылы ол…
Автор: admin
Екінші әңгіме: Ананд АМАР КҮННҮ ҰЛЫСЫНЫҢ КЕЗЕҢІ /Түп нұсқадан қазақ тіліне аударған, түсіндірмелерін жасаған Жүкел ХАМАЙ/ Моңғол ұлты қай кезден бастап тарихи жазбалардан таныла бастады, қай жерлерді мекен етті деген сұрақтарға жоғарыда жауап берген едік. Енді моңғол ұлты қай кездерден бастап, тарихи мемлекет құрғаны жөнінде айталық. Моңғол жерінде ерте шақтардан бастап моңғол , түрік, шүршіт деген үш әулет мекендеп, кезекпен төр ұлысын орнатып, қайбірі басшылық етсе, қалған екеуі соның құрамында болып келгені жөнінде де жоғарыда айтылған еді. Моңғол ұлтының төр мемлекет тарихын баян еткенде аталмыш екі ұлттың да, қатар сөз болатыны сондықтан. Және де осы үш ұлыстың ортасынан құрылған ең…
Сыр бойындағы аса маңызды тарихи – мәдени және республикалық дәрежеде енгізілген тарихи ескерткіштердің бірі – Көккесене. Көккесененің орны Төменарық теміржол стансасының солтүстік-шығысынан 5 шақырымдай және Сығанақтан оңтүстікке қарай 8 шақырым жерде, қазіргі Қожамберді ауылында орналасқан. Академик Әлкей Марғұлан: «Оғыз елінің атақты бір қаласы – Баршынкент, — деп жазды. – Баршынкенттің тағы бір қызық тарихы ол қаланы Оғыз елін басқарған жеті данышпан қыздың бірі – Баршын сұлуға арнап салынғандығы. Қазақтар ол қаланы бергі кезге дейін «Қыз қала» деп келді, демек қызға арнап салды дегенді мегзейді». (Ә.Марғұлан. «Ежелгі жыр, аңыздар». Алматы. «Жазушы». 1985 ж. 196-197 беттер). Сонымен бірге академик бұл қаланың…

