Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Қоғам»Жандос Құрманбаевқа 400 мың теңге айыппұл
Қоғам

Жандос Құрманбаевқа 400 мың теңге айыппұл

03/03/20150

  Шаш ал десе, бас алатын полицейлер астаналық Жандос Құрманбаевқа 400 000 теңге айыппұл салуға хаттама толтырыпты. Өйткені Жандос Генадий Головкиннің жеңісінен кейін өз үйінің балконына мемлекеттік туды іліп қойған екен. Сондағы құзырлы орган қызметкерлерінің таққан айыбы заң бойынша мемлекеттік символды қолдану ережесін бұзған-мыс. Міне, масқара.

Астана әкімдігінің ішкі саясат басқармасының сараптама, бақылау және әдістемелік жұмыс бөлімінің жетекшісі Гүлжан Елубаева айыппұлдың заңнама аясында салынғанын осылайша түсіндіріп отырған көрінеді. Оның айтуынша тұрғындарға «Мемлекеттік символдарды заңсыз қолдану» бабы бойынша 200 АЕК көлемінде айыппұл салынуы тиіс екен. Заңнамалық түрде бекітілген белгілі бір ережелер бар», — дейді Елубаева. Ал, Заңда Қазақстанның Мемлекеттік туын өзге ғимараттарға немесе бөлмеге олардың қожайындарының қалауы бойынша ілуге болатыны қарастырылған. Ал, Жандос бауырымыздың көк туды балконынан желбіретіп іліп қоюуы нағыз патриоттың ісі, еліміздің рәміздеріне деген құрметі деп бағалануы керек емес пе еді. Бұл қадам жалған ұранға бой алдырып бара жатқан жастарымызға үлгі болатын іс емес пе. Нағыз азамат! Ал, заңды түсінбейтін заң адамдарының сауатсыздығынан осылайша ұлттық рухымызға сызат түсуде.

Егер полицейлер мықты болса, Қазақ елінде жүріп, өзінің тарихи отанының туын көліктерінің ішіне жалаулатып іліп алатын басқа диаспора өкілдеріне неге шектеу қоймайды? Көлік Қазақстан Республикасында тіркелген, өзі Қазақстанның азаматы. Бұған келгенде, «олардың өз көліктері, ішінде не істесе де өздері біледі. Заң оны шектей алмайды», деп жауап қайырады. Ал, қазақ баласы өз үйінің балконына көк туымызды мақтанышпен, өр рухпен іліп еді жау тапқандай жабылып жатыр. Әкімдік қызметкерлерінің де қолындағы Заңды оқымайтындары, білмейтіндері белгілі болып қалды. Ұлттық рухы жоқ, надан, құлдық сананың тар шеңгелінде әбден тұншыққан ұлттың ұрпақтары ғана бір-біріне осылай жасайды. Қашан да көкірегі ояу, көзі ашық, намысты ұлдардың етегіне жармасып, балағынан тартады. Дәл осындай көріністер қайталана берсе, қазақтың керегесі кеңімейтіні анық.

«Көк ту – әрбір шаңырақтың төрінде, әрбір мекеменің төбесінде ілініп тұруға тиіс. Көк туды қадірлеу арқылы рухымызды оятамыз. Ұлттық санамызды қалыптастырамыз. Мемлекеттік рәміздер – біздің ұлттығымыздың көрінісі, айшықты белгісі», деп насихаттайтынымыз рас. Бірақ, осындай рухты қадамға барған азаматтарымызды жазалаймыз. Бұл қалай?! Мемлекеттік рәміздеріне ерекше құрметпен қарайтын Түркия, Қытай сияқты елдер бүгінгі мына біздің әрекетті естісе естерінен танғанша күліп, бұл қандай ел, деп одырая қарайтын шығар. Өзінің мемлекеттік туын желбіретуге өз азаматтары, тіпті мемлекеттік органдары шектеу қойып жатқанын, жазалап жатқанын білсе не ойлайды екен? Ұзын сөздің қысқасы намыстан жұрдай болып барамыз. Намыстыны намыссыздар аяқтан шалған заман…

Әлімхан Азанғали.

Бекен Қоныс

 

 

 

 

 

 

Serik Abiken

Жандос Құрманбаевқа 400 мың теңге айыппұл… Сол хаттаманы жазған мілиса бала не ойлады екен? Әлде кәуек бос па? Петропавлда ресей туына ұқсас ленталар таратылады, Оралда орекеңдер туын көлігіне тағып жүреді, Түркия құрамасы келсе тұтас түрік туын көлігінде желбіретіп жүреді, ұйғырлардың көлік терезесіне жапсырылған көк туына етіміз үйренейін деді… Мемлекеті жоқтар да ту жасап алып мекіреніп жүр Алматының төрінде! Сонда Елордада қазақтың туын ұстаған қазаққа неге айыппұл салады?! Ол қай мемлекеттің Астанасы өзі? Қазақстанның заңы қазақты тырп еткізбеу үшін ғана жазылып, қазақты тұқыртып отыру үшін ғана пәрменді ме?! Хаттама толтырған мілиса баланың логикасына салсақ солай болғаны. Ең бастысы қазақтың туын ұстаған қазаққа айыппұл салғанда жүрегі сыздамады ма екен?

Jolimbet Makishev

Орбитадағы біздің үйде тұратындар терезесіне ту іліп тастады. Ал, айыппұл салыңдар бәрімізге енді орысқұлдар)))

Omirzhan Abdihalyh

Қайбір жылы, 2013 ау деймін, Мұхтар Тайжан, Қасым Аманжолұлыбастаған жігіттер Наурызда жақсы бір іс-шара өткізген кезде түскен суреттер еді. Уақыты өтіп кетті демесеңіз, қып-қызыл айыппұл ғой.

Zhanibek Galym

Ту біздің рухымыз, абырой беделіміз! Оны қастерлеру үшін біреуден ақыл сұрамауға тиісіпіз.

facebook парақшасынан алынды

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleКөктем Астанаға кеш келеді…
Next Article «Немцовты өлтіргендер жазаланбайды»

Оқи отырыңыз...

Бұрын жұмысқа алу үшін орысша білуді талап етсе, қалыпты нәрсе еді, қазір “неге олай?” деген сұрақ көбейген

03/10/20261

Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

23/08/20262

Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясы

17/08/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.