Қазақтың астанасы да енді енді көктейді рухани, ұлттық сана, мәдениеті жағынан…Орналасқан жерінің де ерекшелігі әсер әтеді…Климаты да солай…Бұл Астанаға жаңаша түлеген қазақ жастары ғана ие бола алады..Уақыт керек…Жастар еркін ойлы, кең, терең ілім білім иесі болса, нұр үстіне нұр болар еді…Бірақ кешегі Абай айтпақшы, «Ол да өзіңдей сұм болсын, азғыр, азғыр» деген ұрпақтар қатынасының сеңі бұзылмай тұр…Екі ұрпақ арасындағы сабақтастық шынайы адалдыққа емес, ымсыз, үнсіз қулыққа құрылып тұр…Кеше бұлай болдық, сен енді басқаша болуың керек дей алмайды қариясы да дариясы да билігі де…Сосын жастар қайда барады…Әкесінің атасының баласы болмағанда…Менікі жай ғана ұрпақтар арасы ұстанымдар мен шарттар туралы .. Жастарға аманат!!! Кеше магистранттардың білім денгейін көріп осындай ойға келдім…Тарихшылары сол баягы танымдар мен қалыптардан айықпаған, тілші, әдебиетшілері де құқықшылары да…ширек ғасыр аз екен деп қалдым адам санасының түлеуінде бұл ұлт санасы үшін дым емес екен…Бұл елу жылда да осылай болып қала береді…. егер саясат өзгермесе..Кез келген сала министрлігінде өз мәселесі бойынша сараптаулар, бағыттар мен ұсыныстар болу керек. Қазақстанда теориялық жағынан мемлекеттіліктің баяндылығына арналған бағыт жоспарлар керемет, басқа елдемен салыстырып қарағанда..Бірақ бұл институттар жұмыс атқармайды…Ең бастысы қазақ төтенше, тосыннан апаттан аман болып, саны мен сапасы арта берсін деген тілектен басқа қолдан келер ештеңе жоқ..Себебі бұл елдің қазақтан басқа егесі жоқ!!!
Dosay Kenjetay facebook парақшасынан алынды


