Автор: admin

Пультті ең алғаш ойлап тапқан қазақ азаматы Шәкен Ниязбеков екен. Ол 1960 жылдары Ленинград сурет академиясында оқып жүргенде осы өнертабысы арқылы жұртшылықты таң қалдырған болатын. Сонымен қатар Ш.Ниязбеков 1964 жылы Чехословакияда өткен өнертапқыштардың халықаралық байқауында бас жүлдені ұтып алады. Кейін онысы Ленинградтағы көрмеге де қойылып, өкінішке қарай осы дүниесі қолды болып, оны ұрылар жымқырып кетеді. Сол үшін тіпті іске Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті адамдары да араласқан көрінеді. Көп ұзамай ұрлық ашылып, мұны Жапонияның жансызы алғаны айғақталады. Сөйтіп қылмыстың өтеуіне жапондықтар Шәкен Ниязбековке 20 мың рубль төлепті. Демек, пультті қазақ ойлап тапқан деп мақтанышпен айтуымызға әбден болады…. Serikbol Khassanov facebook парақшасынан алынды

Read More

 Оралмандардың қоғамдық бірлестіктері мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу бастамасын қолдайды. Алматыда арнайы баспасөз мәслихатын өткізген «Жебеу» оралман кәсіпкерлер бірлестігінің жетекшілері сайлаудың маңыздылығын атап өтті. «Президент сайлауын биылдан қалдырмай өткізу — ең ұтымды жол», — дейді шетелден көшіп келген қандастарымыз.  Айта өтейік, елімізге бүгінгі уақытқа дейін ресми түрде 962 мың этникалық қазақ көшіп келген. Ресми емес мәліметтерге қарағанда, оралмандардың саны қазір 1 млн адамнан асады. Омарәлі Әділбекұлы, «Жебеу» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы: Бүкіл әлемде мұнайдың бағасы түсіп, қаржылық дағдарысты иемденіп келе жатыр. Оның үстіне мынау ТМД айналасында Батыс пен Ресей текетірес өмір жалғасып жатыр. Басқа да көптеген қайшылықтар, қиындықтар өмір сүріп…

Read More

Елу жыл бойы ауыл мектебінде ұстаздық еткен марқұм әкем Өрісбай Сманов 1920 жылдарда Ташкенттегі Қазақ педагогикалық техникумында, одан соң Орта Азия мемлекеттік университетінде оқығанын, сол кездегі қазақ зиялыларының ой-өрісін, биік адамгершілік қасиетін, халқына сіңірген еңбегін әңгіме еткенде «бір түнде әкетіп, кейіннен жоқ қып жіберген» асыл ағалардың оқу құралдарын да атамай қоймайтын. Әсіресе, Ахмет Байтұрсыновтың «Әліпбиіне», «Тіл құралына», Міржақып Дулатовтың «Есеп құралына», Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика», Жүсіпбек Аймауытовтың «Психология» оқулығына тәнті болатын. Міржақып Дулатовтың «Есеп құралы» оқулығының танымдық-тәрбиелік жағынан ұтымды, елдің, жердің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып жазылғанын, оның туыстас түркі халықтарының тілдеріне де аударылып, жас жеткіншектерді оқытып-тәрбиелеуге пайдаланылғанын айтып, таңдай қағатын. 1922…

Read More