Мамыр айының соңында Алматы қаласында «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында шағын футболдан іріктеу ойындары өтті. Оған «Жұлдыз», «Ялян», «Алатау», «Арыстан», «Бақорда», «Қырғауылды», «Кенжехан», «Арлан», «Алтын орда», «Саламат», «Барыс», «Байсат», «Қазына», «Тастақ» және тағы басқа сауда орталықтарында жұмыс істейтін жастардан құралған 16 команда қатысты. Жыл сайын дәстүрге айналған «Дүйсенбілік спорт» Жобасының тапсырыс берушісі – Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы. Оны ұйымдастыру биыл байқау құжаттарына сәйкес «Social project management» орталығы» қоғамдық қорына жүктелді. Турнир екі алаңда қатар өтті. Алғашқы іріктеу кезінде 16 команда 4 топқа бөлініп, өзара айналма ойындарын өткізді. Бір топта әр команда үш ойыннан өткізіп, ең жоғары ұпай жинаған 2 команда…
Автор: admin
Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия Қазақстанның Латын Америкасындағы басты серіктестерінің бірі екенін айтты,- деп хабарлайды nomadtimes.kz/ тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. – Сіздің Қазақстанға сапарыңыз дер кезінде ұйымдастырылып отыр. Бұл екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға тың серпін беретініне сенімдімін. Елдеріміз арасындағы сан қырлы ынтымақтастық дәйекті түрде дамып келе жатыр. Сізбен бірге үлкен іскерлік делегация келді. Бұл Қазақстанмен ықпалдастықты ілгерілетуге аса жауапкершілікпен қарайтындарыңызды көрсетеді, – деді Президент. Мемлекет басшысы Президент Лула да Сильваға ізгі сәлемі мен ыстық ықыласын жолдап, елімізге сапармен келуге шақырды. Мауро Виейра Қазақстанға Бразилия Президентінің арнайы тапсырмасы бойынша келгенін жеткізді. Оның айтуынша, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі кеңейтудің…
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы АҚШ-тың Michigan State University (MSU) делегациясымен кездесті. Кездесу барысында тараптар стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және академиялық тәжірибе алмасу бағыттарын талқылады. Университет басшылығы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту білім мен ғылым саласындағы өзара байланысты нығайтудың маңызды тетігі екенін атап өтті. MSU делегациясы құрамында халықаралық зерттеулер және бағдарламалар жөніндегі вице-провост, декан Титус Авокусе, халықаралық зерттеулер жөніндегі қауымдастырылған декан Амита Чудгар, Visiting International Professional Program директоры Синьюй Ву, Еуропалық және Еуразиялық зерттеулер орталығының директоры Володимир Тарабара, сондай-ақ Asia Hub зерттеулер жөніндегі қауымдастырылған директоры Яду Покрел болды. Кездесу аясында…

