Елбасы жарлығымен Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалды — деп хабарлайды kerey.kz порталы Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасай. «Сырбар» сыртқы барлау қызметі 2009 жылы құрылған. Бұл мекеме республика президентіне бағынады және оған есеп береді.
Автор: admin
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласының кезіндегі қарсыластары Рахат Әлиевтің «асылып өлгеніне» сене алмай, әрі-сәрі күй кешкендерін айтады. Рахат Әлиев, Вена түрмесінде тергеуде жатып өлген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы, саяси эммигрант Қазис ТОҒЫЗБАЕВжәне Светлана ГЛУШКОВА Австрия түрмесінде қазақстандық саяси эмигрант, Қазақстан президентінің бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевтің өлі денесі табылған. Австрия билігінің мәлімдеуінше, ол камерасында «өз-өзіне қол жұмсаған». Вена түрмесінде 2014 жылдың маусымынан бері қамауда отырған Рахат Әлиевке Австрия прокуратурасы жарты жылдан кейін «Нұрбанктің» екі топ-менеджері — Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновтің өліміне қатысы бар деп айып таққан. Қазақстанда ол екі банкирді өлтірді деп айыпталған. «Банкирлерді ұрлап әкетті әрі…
Қазақ кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам алдағы кездесулерге киіп шығатын шапанын таныстырды. Қара шапанға көк түсті жолақ енгізіліп, оған Қазақстан туының шетіндегі тулар салынған. Арқасына Kanat Islam деген жазу жазылып, көк бөрінің суреті салынған. Қанат Ислам келесі кездесуін наурыз соңында Колумбияда өткізеді. Осыған дейін 1 наурызда Мәскеуде аргентиналық Гуидо Николас Питтомен кездесетіні туралы хабар тараған. Кейін бұл кездесу болмайтыны хабарланған. Қытайда туған этникалық қазақ Қанат Ислам 2008 жылы Пекин олимпиадасына сол елдің атынан қатысып, қола жүлде иеленген. Ол 2010 жылы Қазақстан азаматтығын алып, «Астана арландары» клубында бокстасып жүрді. Боксшы 2012 жылы Лондон олимпиадасына атажұртының атынан қатысуына байланысты азаматтық-құқықтық дау туған соң…

