Аустрия Әділет министрлігі ресми түрде ауызша ҚР азаматы Рахат Алиевтің кеше түнде Йозефштадт түрмесінің бір адамдық камерасында өз-өзіне қол жұмсау фактысын растады. Аустриялық билік орын алған оқиға бойынша тергеу жүргізеді деп білеміз. Біздің дипломатиялық өкілдік барлық жағдайды анықтау үшін Аустрияның ресми билігімен байланыста болады. mfa.gov.kz
Автор: admin
Оразалы Досбосыновты таныстырып жату басы артық шаруа. Ол өнерімен де, өлеңімен де, керек десеңіз өлімімен де елдің есінде мәңгі қалды. Қашан көрсең жұмсақ жымиып, кетік тісінің арасына қалжың қыстырылып тұратын осынау бітім-болмысымен қарапайым ақынның қасына үлкен-кіші, кәрі-жас неге сонша үйірсек болды? Өйткені ол ешқашан кеуде кермейтін, сөзге шешен, жалықтырмайтын әңгімешіл, өзіне магниттей тартып тұратын бір ерекшелігі бар болатын. «Құлманбеттің құлыны» , «Сүйінбай мен Жамбылдың сынығы», « Көдектің көзі» , «Таңжарықтың өзі» , «Бір күнде бес ақынмен айтысқан ақын» деп арқасынан қаққанымызбен, қолтығынан сүйеуге, қолына демеуге келгенде ешкім құлық танытпады. Халық жүрегіндегі жүлдесін, көңіліндегі бәйгесін әлдеқашан беріп қойғанымен, көлденең көк атты алып…
Ә.Жақсыбековтің жаңа әрі жас «замы» туралы. Осыдан сегіз жыл бұрын ау, деймін… Телевизиялық қойылым түсіру үшін Республика сарайына алдын ала екі күнге тапсырыс беріп қойдық. Алғашқы концертке бір ай қалғанда, «Хит ТВ» арнасының сол кездегі басшысы Нұрәлі Әлиевтің атынан өкіл келді. «Секе, осылай да осылай, «Хит ТВ» арнасының үлкен шарасын жоспарлап едік. Бірақ, үлкен Сарайда сол күні сіздердің концертіңіз өтеді екен. Соны басқа күнмен ауыстыра аласыздар ма? Нұрәлі Рахатұлы осы жайлы жеке өтініш айтып еді, егер өзі келіп түсіндірсін десеңіз, өзі келе алады. Тек, бүгін қолы тимей жатыр» деп бастығының ерекше сәлемін жеткізді. Мұндай кезде не істейсің? Ата-анасы «дүрілдеп» тұрған…

