Автор: admin

Әлемнің аса ауыр салмақтағы Әлем чемпионы, украиналық Владимир Кличко Головкин-Мюррей жекпе-жегі туралы пікірін Твиттердегі жеке парақшасында жариялады: Жігіттер, Головкиннің өткен демалыстағы жекпе-жегін көрдіңдер ме? Вау! Оның менің салмағымда емес екеніне қуаныштымын! Айта кетейік, Орта салмақтағы WBA (Super), IBO мен WBC (Interim) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин ұлыбританиялық боксшы Мартин Мюррейді 11-ші раундта нокаутқа түсіріп, жеңіске жеткен. kazsport.kaztrk.kz

Read More

«Тоғыз құмалақ» ойыны. ©Қосымшаның скриншоты Алматы тұрғыны ұялы телефонға арналған тоғызқұмалақ ойыны мен домбыра үйрету симуляторын жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Нұржан Төлегенов ойын мен қосымша жасауды хобби деп есептейді. Оның ұялы телефонға арнап жасаған алғашқы ойындарының бірі — Walk the dog аркадасы, бұл ойында шардың үстінде ұшып келе жатқан итті басқару керек. Оны бес мыңнан астам адам жүктеп алды. Жүктегендердің басым бөлігі — шетелдіктер. Ұлттық колориті бар қосымшаны жасауды оған қарындасы өтінген. Қарындасы мектеп оқушыларына арналған тоғызқұмалақ ойынын жасау туралы ой айтқан. Төлегенов бұл ойынды екі айда жасап шықты. Өзінің айтуынша, бұл іспен ол жұмыстан бос уақытында айналысыпты. Ойынды Android және…

Read More

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.К.Тоқаевқа Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Өзіңіз жақсы білесіз, атамыз қазақта «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын. Жаманның жамандығын айт, құты қашсын!» деген керемет сөз бар. Басқаны былай қойғанда, Сіздің Сыртқы Істер министрі, ҚР Премьер-министрі болған жылдарыңызда Елбасы жолға қойған Көші-қон саясатының дұрыс жүргізілуіне, алыстан келетін қандастарымыздың шетелден виза рәсімдеу, елімізге келіп құжаттану жағында сіңірген еңбегіңізді біз бұл күнде сағына еске аламыз, аузымыздың суы құрып айтып жүреміз. Сіздің кәсіби дипломаттығыңыздың, қытай тіліне жетіктігіңіздің арқасында, көп кедергілер шешіліп, Шыңжаңдағы этникалық қазақтардың Атажұртқа оралуына жақсы жағдай жасалды, даңғыл жол ашылды… Тіпті, сол елде туып өскен, оқыған біздің өзіміз Сіздің «Беласу» кітабыңыздың «Аспан астындағы дауыл» атты…

Read More