Автор: admin

СҰЛУБАЙ БАТЫР Сұлубай Сәпиұлы (1907-1944) Абақ Керейдің Тасбике руынан. Алтай қаласының Шірікши аулында туған. Сұлубайдың өз кіндігінен Мағила, Зағила атты екі қыз. Зағила Баркөл ауданында әлі бар. Ағасы Байбол мен інісі Көңбайдың балалары Шонжы мен Шіңгіл аудандарында тұрады. Ұлт-азаттық қозғалысының зұлымдыққа қарсы атой-шылдарының бірі болған Сұлубай 1944 жылы «Алтай төңкерістік уақытша өкіметі» қүрылғанда он батырдың бірі болып марапатталған. 1944 жылы көкектің басында қазақ қолын бастап, жауға сілейте соққы беріп жүрген қан майданда қапияда оқ тиіп, ерлікпен қаза табады. Сұлубайдың әні Атымды Сұлубай деп әкем қойған, Руым Жәнтекейдей ортаны ойған-ай. Секпілтай, Шаңқан, Тұрғынды-ай, Сағындым қалған құрбымды-ай. Жазықсыз жауым мені қойдың қамап,…

Read More

1659 жыл. Сол заманның ең қуатты бес мемлекетінің бірі — Моғол империясында көзі тірі патша Шах Джаханды үйқамаққа отырғызып қойып ұлдары таққа таласып соғысып жатыр. Мыңдаған әскердің, бейбіт тұрғынның қаны шашылып, ағайындылар бір-бірін асқан қатыгездікпен талауға тырысады. Бұл соғыста күйрей жеңілгені — жыртқыштық қасиетінен ғалымдық қабілеті басым, империядағы барша этникалық топтар мен діни қауымдарға тең қараған, ғылым мен өнер иелеріне демеу жасаған үлкен ханзада Дара Шукоһ болды. Көпшілік жұрт «екінші Акбарға» айналады деп үміт артқан тақ мұрагерін туған інісі Аурангзеб бір жылдан астам уақыт артынан қуғыншы салып жүріп ақыры өлтіртеді. Жаңа жеңімпаз император өз ағасының басын кішкентай ғана кездікпен кесіп…

Read More

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам мен аргентиналық Гуидо Николас Питто 2015 жылдың 1 наурызында Мәскеуде WBA International чемпиондық белбеуін сарапқа салады. Бұл отандасымыздың кәсіби карьерасындағы 19-кездесуі. Оңтүстік америкалық боксшы бүгінге дейін 22 жекпе-жек өткізіп, 19-ында жеңіске жеткен (8 нокаут), ал үшеуінде жеңілген. Ал Қанат Ислам шаршы алаңда 18 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті (15 нокаут). Айта кету керек, бұл жолғы жекпе-жекте боксшылар орта салмақтағы WBA International белбеуін сарапқа салады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 7-орында тұрған қазақстандық боксшы 2015 жылдың қаңтарында 2 орын сырғып 9-орынға тұрақтады. Қанат өткен жылдың тамызынан бері жекпе-жек өткізбеген еді. Ол соңғы кездесуінде колумбиялық Фидель Монтерроса Муньосты…

Read More