Минскіде Украинадағы жағдайға қатысты кешті таңға асырған «норманд форматындағы» отырыс аяқталды. Қиын да қатпарлы келіссөздердің алғашқы нәтижелері жариялана бастады.Сөз жоқ, «жақсы соғыстан гөрі жаман бейбітшілік артық». Бірақ, меніңше, гуманизм принциптеріне негізделген бұл принциптің кей кезде «ойнамай» қалатын кездері де болады!Неге десеңіз, Порошенко болсын (ертең тағы бір Майдан болып, билікке келетін басқа бір басшы болсын), тәуелсіз мемлекет президенті ретінде ешқашан да Қырым, Донецк, Луганскіден айрылмайды. Ол — унитарлық мемлекет үшін бұлжытпас аксиома! Олай етпесе, ол сол күні тақтан түседі! Және де сондай ел ретінде Қазақстан соны жете түсінуі керек! Бетін аулақ қылсын, бірақ бізде де ДХР мен ЛХР факторы жоқ деп…
Автор: admin
Фото: vechastana.kz Бізде 130-дан астам ұлт бар дейміз, көп ұлтты мемлекетпіз деп лепіреміз. Бірақ, бір ғана кіндік ұлт бар екенін, қалғаны диаспора болып табылатынын, мемлекет бір ұлтты екенін, тек Қазақстан қоғамы ғана көп ұлтты екенін елей бермейміз. Тіпті, диаспораларға екпін қоя отырып, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» деген атынан ат үркетін орган да жасап қойдық. Әу баста қоғамдық ұйым етіп құрылған Ассамблеяны қызды-қыздымен Парламенттің төрінен бір-ақ шығардық. Ол аздай, заңға қайшы болса да, Ассамблея мүшелеріне сайлау науқанында екі дауысқа ие болатындай құзыретті тағы бердік. Нанбасаңыз, қараңыз, Парламент мәжілісінде 107 депутат бар, оның 98 депутатын сайлау барысында Ассамблея мүшелері Қазақстанның азаматы ретінде…
Өмір-дерек: *1953 жылдың 22 тамызында Көкшетауда дүниеге келген. *1970 жылы Көкшетаудағы «Нежненская» орта мектебін тәмамдаған соң, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне (ол кезде С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті) оқуға түседі. Үш жылдан соң Мәскеу мемлекеттік университетіне ауысады. *1975 жылы Мәскеу мемлекеттік университетін бітіріп, осы оқу ордасына аспирантураға қабылданады. *1983 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінде кандидаттық диссертация қорғайды. *1983 жылы Қазақ Ұлттық университетінде ассистенттіктен басталған еңбек жолы күні бүгінге дейін осы оқу ордасында жалғасуда, бүгінде «Іргелі математика» кафедрасының меңгерушісі. * 2005 жылы ҚазҰУ-де докторлық диссертация қорғаған. * ҚР ҒжБ министрлігі бақылау комитетінің математика және информатика бойынша кеңестің эксперт мүшесі. * 100-ден аса…

