1822 жыл. Ресей патшасы бірінші Александр Cібір қазақтары жайында жарғы қабылдайды. Соның негізінде орта жүз жері жаңадан құрылған Омбы облысының құрамына кіргізіліп, ауыл мен аймаққа бөледі. Бірнеше жылдан кейін, яғни 1829 жылы Қоңырқұлжа сұлтан Ресей билік өкілдеріне арнап хат жазып, өзін және иелігіндегі жерлерін қарақшылардан қорғауын өтініпті. Сол жылы осындай мәселемен Көкшетау өңірін билеген сұлтан Ғұбайдолла Уәлиев шағымданыпты. Осы хаттарды негізге алып Сібір корпусын басқарған Бронеский есімді генерал «Қарпық болысы Ақмола мекенінде жеке аймақ ашқысы келеді» деп мәлімдеген. Көп кешікпей бұл мәселе талқыланып, Ақмола бекінісін салу туралы шешім шығыпты. 1830 жылы 28 мамырында бұл міндетті атқару үшін Петропавлдан Шубин бастаған…
Автор: admin
Бұл 1928-ші жылдары болған оқиға екен. Бұдан 10 жыл бұрын төңкеріс дейтін дүние еліп, өз жайымен жүріп жатқан қоғамның басын аяғына, аяғын басына қаратып төңкеріп қойған заман. Онымен қанағаттанбай «Бай талау» (кәнпескі) науқанын жүргізіп, елдің ішіне «Құдайсыздар ұйымы» дейтін құрылып халықтың көне руханияты қирап жатқан шақ. Бірақ ескінің сүрлеуін жақсы білетін қазақы қариялар дүлей үкіметке күші келмесе де ішін бермеген заман. Бірде Жүніс молдаға әпербақан шолақ белсенді шошаңдап болмапты. Жүкең сұрапты: -Осы сендер қандай үкімет құрғалы жінігіп жүрсіңдер? -Байды кедейге теңейміз, – деп дәурігіпті ана бейбақ. Жүніс молда басын шайқап, мырс етіп күліпті де: – Ей, шырағым-ай, әу баста қате…
.. Күлдір-күлдір кісінетіп, Күреңді мінер ме екеміз?! Күдеріден бау тағып, Ақ кіреуке киер ме екеміз?! Жағасы алтын, жеңі жез, Шығыршығы торғайкөз Сауыт киер ме екеміз?! Ор қояндай жүгіртіп, Аш күзендей бүгілтіп, Жолбарыстай шұбарды Тандап мінер ме екеміз?!. — дейтін жалынды жырларымен қол бастап, ел тәуелсіздігі үшін жауға қарсы атой салған өз заманының аса ірі қайраткері, суырыпсалма ақыны, жалынды жырауы — Ақтамберді Сарыұлы. Ақтамбердінің өмірі мен шығармашылығы әр түрлі жағдайларға байланысты ұзақ жылдар бойы түбегейлі зерттелмей, ескерусіз калуға айналған асыл мұраларымыздың сапынан орын алып келді. Таяуда біз Ақтамберді батырдың жетінші ұрпағы Жанатбек Ақынтаевпен кездесіп, әңгімелескен едік. Батыр бабаның сауыты Семейде сақтаулы…

